"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есебі

«Ақмола облысы білім басқармасының

Есіл ауданы бойынша білім  бөлімі

Құмай  ауылының негізгі орта  мектебі» КММ

2021  жылға мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша

есебі 

     Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстағы басты қағида қызмет алушылар үшін ашық және тең қолжетімділік болып табылады. 2021 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Құмай ауылының негізгі орта мектебі" КММ  20 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 10 (50%) мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік органдар арқылы көрсетілді, оның ішінде 9 (51 %) қағаз нұсқада,  2 (8 %) мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді. 2021 жылы  дәлелді  бас тарту тіркелген жоқ.

     Білім беру ұйымы көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері, стандарттар қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте екі тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған. Білім беру ұйымының фоеде eGov mobile қосымшасының мүмкіндіктері туралы екі тілде баннерлер орналастырылған. "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімі Құмай ауылының негізі орта мектебі" КММ-де қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасы, жиһазы, күту үшін отыратын орындары бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Ақпараттық стендте e.gov.kz. порталы  арқылы әр түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі көрсетілген .

     2021 жылы білім беру ұйымының ресми сайтында және Instagram әлеуметтік желісінің бетінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы жарияланымдар өткізілді: мерзімі, алу тәсілдері, құжаттар тізбесі және т.б. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуді түсіндіру бойынша барлығы екі жарияланым жасалды.

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты жұмыс қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ. Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

      Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету бағытталған жұмыстар 2022 жылы жалғасатын болады. Орловка ауылының тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" порталы, eGov mobile қосымшасы арқылы мектептің ресми сайтында, Instagram, Facebook парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру сипатындағы жарияланымдар арқылы алу мүмкіндіктері туралы неғұрлым белсенді түсіндіру жұмысы жоспарлануда.

 

 

Жаңартылған күні: 21.09.2022 09:05
Құрылған күні: 01.03.2022 12:52

Текст