"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген іс-шараға есеп беру 2019-2020 оқу жылы

«Құмай негізгі мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген іс-шараға есеп беру

2019-2020 оқу жылы

Құмай ненгізгі мектебінде 2019-2020 оқу жылында Өзін-өзі тану пәнінен оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

1-сынып жетекшісі Аюбекова Т.Т. «Өзіңмен үйлесімді   өмір сүру!» , 2-сынып  жеткешісі Ерлан Б.  «Жақсы көруді үйренеміз», 3-сынып жетекшісі Арыстанова Д.А. «Ақжарқындық және оптимизм», 4-сынып жетекшісі Хусман М. «Табиғаттың жандандыратын күші» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
 

Ақпанның 02-12-і аралығында өзін-өзі тану пәнінен декада өткізілді. Декада барысында келесі  іс-шаралар өткізілді:

1. Ақпанның 3-і күні декаданың ашылу салтанаты өтіп, 1-8 сынып оқушылары флешмоб биледі.

2. Ақпанның 4-12-сі күндері 1-7 сынып оқушылары арасында  «Анамның мейірімді жанарымен» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, «Мен әлемді сүйемін», «Достық айнасы», тақырыбында оқушылар ашық хаттар жасап  қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

3. Ақпанның 5-сі күні  3-7 сынып оқушылары «Егер мен мейірімді болсам, адамдарға қандай жақсылық жасар едім?» тақырыбында эссе жазды.

4. Ақпанның 5-10-ы аралығында 1-8 сыныптарда пән мұғалімдері  «Өмір баға жетпес сый», «Өнеге отбасынан», «Адами қарым-қатынас жарастығы», «Сүйіспеншілік жолындағы өмір», «Мейірімділік-ол күн сияқты, адамның жанын жылытады», «Жүрек жылуы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.

5. Ақпанның 10-12-і күні әр сынып «Мейірім мен сүйіспеншілік қанатында»  қабырға газет шығарды.

6.  Ақпанның 12-і күні декаданың жабылу салтанаты өткізіліп, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

                   

             

    

Директордың ТЖ орынбасары: Мұса Е.

 

Жаңартылған күні: 20.05.2020 00:31
Құрылған күні: 20.05.2020 00:31

Текст