Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі туралы анықтама
«Құмай ауылының негізгі орта мектебі»КММ-де 2025 жылы қарашаның 10-21 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі өтті. 2025 жылдың 10 қарашасында салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсімі сынып кабинетінде өтті. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды насихаттау болды. Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
Іс-шара «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ұранымен басталды. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ұйымдастырып, жүргізді. Ашылу салтанатында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың маңызына тоқталды.
Оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, шағын көрініс көрсетті. Сондай-ақ, апталық барысында өтетін іс-шаралардың жоспары таныстырылды:
Шара соңында оқушылар ән шырқап, сөзжұмбақтар шешіп,мақал- мәтелдің жалғасын тауып,апталықтың ашылуы көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.
Қорытынды: Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылар мен ұстаздардың белсенділігі ерекше болды. Шара өз мақсатына жетіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған жақсы бастама болды.
«Көңілді үзіліс» ойынының өтуі туралы
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 2025 жылдың 11 қарашасында «Көңілді үзіліс» атты танымдық-ойын түріндегі іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, ойлау қабілеттерін, жылдамдық пен тапқырлықтарын дамыту, көңіл көтеру арқылы достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Ойын үлкен үзіліс кезінде мектеп дәлізінде ұйымдастырылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындарға қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ерекше көңіл күйде болды. Оқушылардың сабақтағы шаршағанын басылып, көңіл-күйілерін көтерді
Белсенділігін артты, сергіту және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды;
Қимыл-қозғалыс арқылы денсаулықты нығайтты, сергектік пен зейінділікті дамытып ерекше көңіл күймен тарады
Қорытынды:
«Көңілді үзіліс» ойыны жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың қызығушылығы артып, тілге деген сүйіспеншілігі мен ұжымдық рухы нығайды. Бұл шара апталықтың ең қызықты сәттерінің бірі болды.
Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 5-сынып
Тақырыбы: «Адам және жыртқыш аң»
Мақсаты: Т/А1. 5Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
ӘТН3. Көп мағыналы сөздерді, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Оқушылардың мәтін мазмұнын түсіну дағдыларын дамыту, адам мен табиғат арасындағы байланысты ұғындыру, жыртқыш аңдар туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың барысы:
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты мәтінді талдап, негізгі ойды анықтады. Адам мен табиғаттың өзара байланысы туралы пікір алмасты. Жыртқыш аңдардың табиғаттағы рөлі мен олардың қоршаған ортаға тигізер әсері жөнінде өз ойларын білдірді. Көп мағыналы сөздерді, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданды, Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері артты.
Нәтижесі:
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тапсырмаларды орындау кезінде ынтымақтастық танытып, табиғатты қорғау мен жануарларға қамқорлық жасау туралы түсініктері кеңейді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Қорытынды:
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың қызығушылығы артты, тақырып бойынша білім, білік, дағдылары қалыптасты.
Пән мұғалім: Алмаганбетова Г.Т