"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай негізгі мектебі» КММ Тәрбие жұмысының І-жарты жылдық қорытынды есебі

Бекітемін:___________

Мектеп директорының м.а.:

 Молдатина Ф.О.

«_____» «_____» «_____»

 

 

 

 

«Құмай негізгі мектебі» КММ

Тәрбие жұмысының І-жарты жылдық

қорытынды есебі

 

       Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

 

 

Құмай негізгі мектебінде тәрбие жұмысы

 бойынша 2020-2021 оқу жылында І-жарты

жылдықта өткізілген іс-шаралар есебі

1.  2020 жылғы Қыркүйектің 1-і күні Білім күніне арналған   құттықтаулар «Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» бағдарламасын насихаттау мақсатында онлайн іс-шара ұйымдастырылды.

1.1. «ҚР Конституциясына -25 жыл», « Абай Құнанбайұлына -175 жыл» аясында 1-9 сынып жетекшілері сынып  сағаттарын өткізді.

         1.2. Мектеп директоры Молдатина Ф.О. ата-аналар , ұстаздар мен оқушыларды бейне үндеу  арқылы «Алғашқы қоңырау» мерекесімен  онлайн режимінде  құттықтады.

         1.3. 1-сынып оқушылары онлайн режимде «Алғашқы қоңырау» салтанатына арналған өлеңдерін жолдап,  алғашқы қоңырау соғылды.

2.

2. 1.«Отбасы тәрбиесінің көрінісі» тақырыбында 1-9 сынып жетекшілерісыныпсағатын өткізді.

  1.  

2.3. «Біз бірге бақыттымыз» тақырыбында оқушылармен онлайн режимде сурет байқауы өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар мерепатталды.

2.4. Қыркүйектің 11-і күні «Бақытты отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

         3. 2020 жылғы Қыркүйектің 16-сы мен  20-сы аралығында «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі»  (Қазақстан халықтары тілдері күніне орай)  Мемлекеттік тіл күніне арналған  «Үш тұғырлы тіл» атты тілдер онлайн іс-шаралар өткізілді.

3.1. Іс-шара барысында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Алмағанбетова Г.Т. 5-9 сынып оқушылармен  Қазақстан халықтары тілдеріне арналған эссе байқауын, мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

3.2. Бастауыш сынып мұғалімдері тақырыпқа байланысты сыныптан тыс сабақтар өткізді.

  1. 2020 жылғы 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығындағы мектебімізде «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өткізілді.  Акцияның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады.   

Акция барысында жеке құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау бойынша түрлі онлайн-іс шаралар ұйымдастырылды.

  Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға қатыгездікпен қарау фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту, сонымен қатар балаларды ата-анасының қамқорлығынсыз қалдыру мәселелері бойынша ата-аналардың онлайн-жиындары өткізілді.
     Акция шеңберінде өткізілген әр іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

         Акцияны өткізуге барлық сынып жетекшілер, мектеп Психологы, Аға Тәлімгер, Медбике ат салысты.

        

5. 2020 жылғы Қыркүйектің 29-ы мен Қазанның 1-і күндері«Дүниежүзілік қарттар күніне» арналған онлайн-іс шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Жас Ұлан Ұйымының аға Тәлімгері Аманкелді Бірлесхан оқушылармен түрлі іс-шаралар өткізді.  Бастауыш сынып оқушылары ат-әжелеріне арнап өлеңдерін оқып, ашық хат, фотоколлаж жасап  құттықтаса, 5-9 сынып оқушылары бейнеқұттықтаулар жолдап, ата-әжелерін, қарт ұстаздарды құттықтап, сұхбаттасты.

6. 2020 жылғы Қазанның 5-9-ы аралығындаұстаздар күнінен орай «Ұстаз, Сізге бас иеміз...» тақырыбында онлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараға 9-сынып жетекшісі Мустафин Е.Т. жауапкершілігімен келесі іс-шаралар өткізілді:

         Бастауыш сынып оқушылары бейнеролик арқылы ұстаздарына арнап өлең шумақтарын жолдаса, 5-9 сынып оқушылары ұстаздарға арнап бейне құттықтаулар мен бейне презентациялар арқылы алғыстарын білдірді.

 

         7. 2020 жылғы Қазанның 12-16-сы аралғығында «Күз береке, күз мереке»  тақырыбында онлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Іс-шараға жауапты  1-сынып жетекшісі Хусман М. келесі іс-шараларды өткізді:

7.1. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Күз Ханшайымы»  байқауы ұйымдастырылып , 1-4 сынып қыздары қатысып берілген тапсырмаларады онлайн режимде жолдап жеңімпаздар анықталып марапатталды.

7.2. 5-9 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы» байқауы ұйымдастырылып , 5-9  сынып ұлдары қатысып берілген тапсырмаларады онлайн режимде жолдап жеңімпаздар анықталып марапатталды.

7.3. Сонымен қатар өзге оқушыларда күзгі бақша өнімдерінен қолөнер бұйымдарын жасап белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Күз ханшайымы» деп 1-сынып оқушысы Калдыбаева Гулназ озып шықса, «Күз ханзадасы» деп 8-сынып оқушысы Панфиленко Артем танылды.

         8. 2020 жылғы Қазанның 12-22 аралығында Халықаралық қыздардың құқықтарын  қорғау күніне арналған онкүндік  жоспары құрылып онлайн  іс-шаралар ұйымдастырылды.

         8.1. Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. 5-6 сынып қыздарымен «Қыз ісімен көрікті» 7-9 сынып оқушылары арасында «Қызым үйде, қылығы түзде» атты эссе байқауы өткізілді.

         8.2. Мектеп Медбикесі Мұхамбетжан Д.Ж.   9 сынып қыздары арасында «Ерте жүктілік немен қауіпті?  тақырыбында дәріс оқып, ақыл кеңес берды.

         8.3.  Барлық сыныптарды тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.

9.

 

Директордың ТІЖ орынбасары және дінтану пәнінің мұғалімі Мұса Е. 5-9 оқушыларына ондайн  тақырыптық дәріс жолдап,  9-сыныпта тәрбие сағатын өткізді.

10. 2020 жылғы  Қарашаның 16-20-сы аралығында  «Ұлттық валюта күніне» орай онлайн іс-шара ұйымдастырылып, Аға Тәлімгер Бірлесхан А.

1-4 сынып оқушыларымен тақырыптық сурет байқауын өткізіп, . 5-9  сынып оқушыларымен онлайн танымдық сабақ өткізді.

         11. 2020 жылғы 23-Қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні» орай жоспар құрылып  онлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.

11.1. Іс-шара барысында 8- 9сынып жетекшілері   тақырыпқа сай сынып сағаттарын өткізді. 

11.2.Мектеп Медбикесі Мұхамбетжан Д.Ж. жоспарға сәйкес 8-9 сынып оқушыларына арнап  дәріс оқып, сұхбаттасып, сауалнама жүргізді. Оқушылармен жеке кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақыл-кеңестер берді.

         12. 2020 жылғы Қарашаның 23-і  мен Желтеқсанның 1-і күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн  іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 1-9 сынып жетекшілері жопарға сай тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар онлайн режимде тақырыптық өлеңдер оқып, эссе жазды.

         13. 2020 жылғы Қарашаның 23-і  мен Желтеқсанның 18-і күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  күніне арналған онлайн  іс-шаралар ұйымдастырылды.

13.1. Іс-шара барысында1-9 сынып жетекшілері тақырыпқа сай сынып сағаттарын өткізіп,  оқушылар «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының «Бір ел, бір тағдыр»,  «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім, «Сын сағат », «Ұйымдасқан ұтады», «Жаңғыру жолы»   деректі фильмдерін тамашалады.

13.2. Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. 7-9  сынып оқушыларымен «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында қашықтықтан эссе байқауын, 1-4 сынып оқушыларымен «Менің Қазақстаным!», «Менің Тұңғыш Президентім» атты  сурет байқауын өткізді.

13.3. 1-9 сынып оқушылары  арасында «Бірлігіміз жарасқан!» атты  патриоттық әндер челлендж өткізілді.

13.4. Жас Ұлан Ұйымының аға Тәлімгері Бірлесхан А. 5-сынып оқушыларын  Жас Ұлан Ұйымы мүшелері қатарына салтанатты түрде қабылдады.  Ұйымға 5-сыныптан барлығы 4 оқушы қабылданып, салтанатты түрде ант берді.

         14. 2020 жылғы Желтеқсанның 7-11-і  күндері аралығында  «Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні» орай  іс-шаралар ұйымдастырылды.

14.1. Сынып жетекшілері тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.

14.2. Мектеп медбикесі оөушыларрмен тақрыпқа сай сұхбаттасып, ақыл –кеңестер беріп, жаднамалар таратып, темекінің азам ағзасына тигізеттін зардаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         15. 2020 жылғы  Желтоқсан 25-і күні  онлайн «Қыс мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелері» тақырыбынд онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.

         15.1. Жиналыс барысында Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тағырыбында ата-аналарды бейне презентациямен таныстырып, қысқыша мәлімдеме жасады.

         15.2. «Мұз қату кезіндегі оқушылардың мұз үстіндегі қайғылы жағдайларын Ережесі», «Жылу маусымы кезіндегі газдан, пештен, электр қуатынан  болатын өрт және түтіннен уланудың алдын алу Ережесі» туралы ата-аналарға түсіндіріп, қауіпсіздікті сақтау әр ата-ананың міндеті екенін ескертті.

         15.3. Сынып жетекшілері ата-аналарды  І-жарты жылдық қорытындысымен таныстырды.

         16. 2020 жылғы  Желтоқсанның 28-30-ы  аралығында  «Қош келдің Жаңа-2021 жыл !» атты іс-шара өткізілді.

 Іс-шара барысында 1-9 сынып жетекшілері «Қош келдің, 2021 жыл!», «Қош келдің, Жаңа - жыл!», «Кел, Жаңа-жыл», «Төрлет, төрлет! Жаңа-жыл!» «Жаңа-жыл құтты болсын!»  тақырыптарында сынып сағаттарын өткізіп, оқушылар Аяз атаға арнап өлең оқып ән салып «Құмай-Есіл» ЖШС дайындаған тәтті сыйлықтарын алды.

Сонымен қатар оқушылар ата-аналар, ұстаздар мен оқушыларға арнап бене құттықтаулар жолдады.

 

            Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.

Жаңартылған күні: 02.03.2021 12:17
Құрылған күні: 02.03.2021 12:17

Текст