Құмай негізгі мектебінде тәрбие жұмысы бойынша
І-жарты жылдықта өткізілген іс-шараларға
есеп беру 2019-2020 оқу жылы
Жиынға барлық сынып оқушылары мен ата-аналар, аудандық білім беру ұйымынан келген қонақжәне ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл шараның мақсаты 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде мектеп табалдырығына қабылдау, оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани мәдениетін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
2. Қыркүйектің 2-сі күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 1-8 сынып жетекшілері «Адалдық сағатын» тақырыбында өткізілді.
3.. Қыркүйектің 2-6-сы аралығында Отбасы күнінін мерекелеу шеңберінде іс—шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Мерейлі Отбасы» тақырыбында ата-аналар мен оқушылар арасында спорттық жарыстар өткізіліп, жеңімпаз деп танылған отбасылары арнайы мадақтамалармен марапатталды.
4. Қыркүйектің 13-і күні «Отбасы күні» мерекесіне байланысты және 1 сынып оқушыларынның ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жианлысқа 1-8 сынып ата-аналары қатысты.
Жиналыста директордың ТЖ орынбасары Мұса Е. ата-аналарды отбасы мерекесімен құттықтап, отбасы тәрбиесіне байланысты видео роликтер көрсетіп, ситуациялық сұрақтар қойып пікір алмасты. Ата-аналар да белсенді қатысып өз ойларын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Мектеп Психолгы Сулейменова Р.А 1-сынып ата-аналарымен психолгиялық тренингтар өткізіп, сауалнама жүргізді және ата-аналарға қандай көмек қажет болсада есік ашық , көмек көрсетуге дайын екенін айтып түсіндіріп өтті.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасын құрметтеуге, ата-ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
5. Қыркүйектің 16-27-сі аралығында Құмай негізгі мектебінде «Қауіпсіз білім ордасы» республикалық акция шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді.
5.1.Қыркүйектің 16-26 аралығында 1-8 сынып жетекшілері "Абайланыз балалар " ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушылардың жолда дұрыс жүріп, қоғамдық көліктердің күнделікті тұрмыста алатын орны туралы, жол белгілерін ажырата білуді үйретті. Директордың ТЖ орынбасары Мұса Е. және мектеп Психологы Сулейменова Р.А. «Балалардың құқығын қорғау комитетінің» сенім телефондарымен таныстырып, ескертпелер, буклеттер, ақпараттық материалдар таратты.
5.2. Қыркүйектің 16-26-сы аралығында Директордың ТЖ орынбасары Мұса Е. «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырды. Байқауға 1-8 сынып оқушылары қатысып тақырыпқа сай сурет салған оқушылар марапатталды.
5.3. Қыркүйектің 24-і күні аға Тәлімгер Бірлесхан А. 1-8 сынып оқушыларымен «Жол ережесін сақтаймыз» тақырыбында флешмоб өткізді.
5.4. Қыркүйектің 26-сы күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста «Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар таратылды. Балалардың құқытары заңды мүдделері бұзылған жағдайда және балаға қауіп төнген жағдайда, сонымен қатар интернет желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және басқа да органдарға сенім телефондары арқылы өтініш білдіруге болатыны туралы айтылып, ақпараттық материалдар таратылды.
6. Қыркүйектің 16-20 аралығында мектебімізде рухани жаңғыру аясында тілдер мерекесіне арналған «Менің тілім-ана тілім, бал тілім» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Онда әр сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Оқушылар «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» тақырыбында шығармалар жазып үздік шығарма иелері мен үздік қабырға газеттері марапатталды. Мереке соңында Тәлімгер Бірлесхан А. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» мереклік кеш өткізді.
Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтенуге, мәртеесі биік рухани құндылық екенін үнемі назардла ұстап, тіл жанашыры болуға насихаттау.
7. Қыркүйектің 23-і мен Қазанның 1-і аралығында «Қарттарым- асыл қазынам» тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырылып, онда Жас Ұлан Ұйымы жалғызілікті қарттарға қол көмегін көрсету мақсатында үйлеріне барып қол ұшын тигізіп көмектесті. Қазанны 1-і күні «Қарттарым аман жүрші» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты рухани адамгершілік тәрбие беру, оқушыларды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, мейірімділікке, инабаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
8. .Қазанның 4-і күні ұстаздар күніне арналға н мерекелік іс-шара өткізілді. Онда жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып пен ұстаздарға сабақ беріп, «Ұстазым менің, ұстазым» атты мерекелік ән шашуларын тарту етті.
Мақсаты рухани адамгершілік тәрбие беру, ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
9. Қазанның 7-сі мен 11-сі аралығында Алтын күз мерекесіне байланысты 1-8 сынып аралығында «Берекелі, Алтын күз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кеш сайыс түрінде өткізіліп, оқушылар күздің берекесі мен молшылығы туралы білімдерін көрсетіп, ән салып, би билеп, күй тартып күз кешіне арналған сән үлгісін көрсетті. Кештің мақсаты оқушылар бойына күздің күздің берекесі мен байлығын сезіндіру, шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында өткізілді.
10. Қазанның 4-14-і аралығында халықаралық қыздар күніне арналған он күндік ұйымдастырылып, келесі іс-шаралар өткізілді:
10.1.Қазанның 7-сі күні 6-8 сынып жетекшілері «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
10.2.Қазанның 8-і күні мектеп Медбикесі Мұхамбетжан Д.Ж. «Қызға қырық үйден тыйым» дәріс оқып, ақыл кеңес берді.
10.3. Қазанның 9-ы күні мектеп Психологы Сулейменова Р.А. «Қызға -нәзіктік» тақырыбында 6-8 сынып қыздарымен пікірталас өткізді
10.4.Қазанның 10-ы күні Психолог 6-8 сынып қыздары арасында «Құқығың бұзыла ма?» сауалнама жүргізді.
10.5.Қазанның 11-і күні директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. 6-8 сынып қыздарымен «Қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері» дөңгелек үстел өткізді.
11. Қазанның 15-18 аралығында «Діни терроризм мен экстремизмнің» алдын алу шаралары бойынша директордың ТІЖ орынбасары , оқушыларға террорлық әрекеттер бойынша хабардар ету мақсатында дәріс оқып,видеороликтер көрсетті. 5-8 сынып жетекшілері тақырып бойынша сынып сағаттарын өткізді.
13. Қазанның 21-25-і аралығында жалпы а ата-аналар жиналысы өткізілді. 13.1. Жиналыста директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е «Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу » тақырыбында баяндама оқыды.
13.2. Келесі сөз кезегі сынып жетекшілері беріліп 1-8 сынып жетекшілері І-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарға мәлімдеме жасап, оқушылардың үлгерімі мен тәртібі туралы айтып . өтті.
13.3.« Мұз қату кезіндегі балалар және оқушылардың мұз үстіндегі қайғылы жағдайларын ескерту Ережесімен» таныстырды
13.4. Жылу маусымы кезіндегі газдан, пештен болатын өрт және түтіннен уланудың алдын алу Ережесі туралы ата-аналарға түсіндіріп, қауіпсіздікті сақтау әр ата-ананың міндеті екенін қатаң ескертіп өтті.
14. Қарашаның 11-15 аралығыныда Ұлттық Валюта күніне байланысты іс- шара өткізілді. Іс-шара барысында 1-8 сынып жетекшілері әр сыныпта сынып сағаттарын өткізіп, Тәлімгер Бірлесхан А. «Ұлттық Теңге-ұлт мақтанышы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Мақсаты оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру, ұлттық валютаның маңызын, ел үшін мақтанышын түсіндіру.
15. Қарашаның 25-29-ы аралығында 1-Желтоқсан- Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай метеп дәрігімен кездесулер өткізілді. Мектеп медбикесі Мұхамбетжан Д.Ж. оқушыларға тақырып бойынша дәріс оқып, сұхбаттасты . Мектеп Психологы Сулейменова Р.А. 7-8 сынып оқушыларымен «Өмір сен қымбатсың маған» атты тренинг өткізді.
Мақсаты оқушыларға өмірдің адам үшін қаншалықты қымбат екенін түсіндіріп, өмірге деген құштарлығын арттыру.
16. Қарашаның 25-сі мен 29-ы аралығында «Рухани жаңғыру» аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар жоспарланып келесідегідей іс-шаралар өткізілді.
16.1.Қарашаның 25-29-ы күндері 1-8 сынып жетекшілері Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Атап айтатын болсақ 1-сынып жетекшісі Аюбекова Т.Т. «Н.Ә. Назарбаев-еліміздің тұңғыш Президенті» , 2-сынып жетекшісі Ерлан Б. «Ел қамқоры-Елбасы!», 3-сынып жетекшісі Арыстанова Д.А. «Елін сүйген Елбасы», «Елін сүйген Елбасы» 4-сынып жетекшісі Хусман М. «Президенттің ақындық қыры», 6-сынып жетекшісі Бірлесхан А. «Елбасының дара жолы», 5-7 сынып жетекшісі Мустафин Е.Т. «Н.Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы», 8-сынып жетекшісі Сулейменова Р.А. «Н.Назарбаевтың басты еңбектері» сынып сағаттарын өткізді.
16.2. Қарашының 25-28 аралығында 3-4 сынып оқушыла арасында «Елін сүйген Елбасы» тақсырыбында эссе байқауы өткізіліп, үздік эссе иелері мараппатталды.
16.3. Қарашаның 25-28 аралығында 5-8 сыныптар арасында тақырыптық газет байқауы ұйымдастырылып, ең үздік қабырға газет иегерлері деп танылған 6-сынып оқушылары марапатталды.
16.4. Қарашаның 29-ы күні директордың ТЖ орынбасары Мұса Е. «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында салтанатты жиын өткізді. Жиынға алымыздың құрметті адамдары шақырылып, соның ішінде «Құмай-Есіл» ЖШС директоры Әлмағамбет Қ.С. қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жиын соңы «президент күніне арналған мерекелік концертке ұласты.
Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін арттыру. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
17. Желтоқсанның 4-7-і аралығында «Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне» орай 1-8 сынып оқушыларымен салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізіліп, Сынып жетекшілері тақырып бойынша сынып сағаттарын өткізіп, мектеп Медбикесі Мұхамбетжан Д.Ж. «Шылымның, ішімдіктің адам өміріне зияны» баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
18. Желтоқсанның 10-13 аралығында Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Желтоқсанның 10-12 аралығында 1-8 сынып жетекшілері Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттарын өткізді.
Желтоқсанның 13-і күні Аға Тәлімгер Бірлесхан А. 5 сынып оқушыларын салтанатты түрде Жас Ұлан Ұйымына қабылдады, жиын соңы «Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді» тақырыбында мерекелік іс-шараға барлығы 40 оқушы қатысып, ауыл тұрғындары мен ата-аналар қонақ болды.
Мақсаты оқушыларды азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу.
19.Желтоқсанның 23-26 арлығында сынып жетекшілері 1-8 сынып ата-аналарымен «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережесі» қауіпсіздік ережесімен таныстыпрып ата-аналар жиналысын өткізсе, жиналыс соңында мектеп Психоллгы ата-аналармен «Ата-ана махаббатының түрлері» тақырыбында әңгімелесіп, психологиялық тренингтер өткізді.
Мақсаты оқушылардың каникуль кезіндегі, қыс мезгіліндегі өмір қауіпсіздігін сақтандыру.
20. Желтоқсанның 27-і күні сағат 1100-де 0-4 сынып аралығында «Сиқырлы Жаңа-жыл» , ал 1500-де 5-8 сынып аралығында «Қош келдің, Жаңа-жыл» атты шырша мерекесі өткізілді. Ертеңгілікке барлығы 42 оқушы қатыстып, Аяз атаға арнап ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында оқушылардың барлығына «Құмай-Есіл» ЖШС демеушілік көмек ретінде дайындаған тәтті сыйлықтары үлестірілді.
Мектеп директоры: Альмагамбетова С.С.
Директордың ТЖ орынбасары: Мұса Е.