Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай өткізілген
іс-шара туралы анықтама
2025 жылы 21 қараша күні Алаш қайраткері, ағартушы, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына байланысты «Құмай ауылының негізгі орта мектеб» КММ-де арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — қазақ ұлтының тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғаның өмір жолын, шығармашылығын, қоғамдық-саяси қызметін насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын ояту, тарихи санасын қалыптастыру.
Іс-шара аясында: - деректі фильм көрсетілімі; - Міржақып Дулатовқа арналған әдеби кеш; - Шығармаларын оқу, мәнерлеп оқу байқаулары; - тақырыптық эссе, шығарма және қабырға газеттері байқауы өткізілді.
Оқушылар белсене қатысып, Дулатовтың еңбектерін терең танып, Алаш мұрасын құрметтеуге үндейтін тәрбие алды.
Оқу ісінің орынбасары: М.Малигова