"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысының ІІІ-тоқсан бойынша есебі

Құмай негізгі мектебінде тәрбие жұмысы бойынша

ІІІ-тоқсанда  өткізілген іс-шараларға есеп беру

2018-2019 оқу  жылы

Қаңтардың 10-11-і күндері 1- сынып оқушылары сынып жетектілеріменг «Қар ғажайыбы» тақырыбында мектеп ауласын безендіріп қардан мүсіндер жасады.

Қаңтардың 14-18-і аралығында Психология апталығы өткізіліп, онда мектеп психологы Сулейменова Р.А.

     

Қаңтардың 22-26-сы аралығында  «Талантты болу тәңірден»  атты халық әндерінен байқау өткізілді.  Байқауға 1-8 сынып оқушылары қатысып, жеңімпаздар  марапатталды.

Қаңтардың 25-28-і аралығында 5-8 сынып ұлдары арасында «Ер екі сөйлемейді» тақырыбында дөңгелек үстел, 1-8 сынып оқушыларына «Ашу дұшпан, ақыл дос» тақырыбында  тәрбие сағаты өткізілді.

   

Қаңтардың 27-сі күні «Ғаламторсыз бір күн» атты 4-8 сынып оқушылары арасында шаңғымен сырғанау жарысы өтті. Іс-шараға барлығы 21 оқушы қатысты. Жарыс өте жақсы деңгейде өткізілді. Денешынықтыру пәні мұғалімі Мустафин  Е.Т. оқушыларға шаңғымен сырғанаудың қыр-сырын үйретіп, оқушылар бұл іс-шарадан жақсы әсер алды. Ғаламторсызда уақытты көңілді өткізуге болатыны жайлы тағы бір мәрте түсінді.

 

 

Қаңтарды 28-і мен Ақпанның 8-і аралығында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 10 күндік өткізілді.

Іс-шара барысында Директордың ТЖ орынбасары  1-8 сынып оқушыларын «Өрт қауіпсіздік ережесі» нұсқаулығымен таныстырып, 5-8 сынып оқушыларымен «Жас өрт сөндіруші» тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Кітапханашы Бірлесхан А. «Қауіпсіздік ережелері» кітап көрмесін ұйымдастырды.

1-8 сынып жетекшілері «Өртсөндіруші-ержүректің маманы», «Баспанамызды өрттен сақтайық», «Өрт адамның досы және дұшпаны», «Өрттен құтқару, өрттің алдын алу жолдары» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

 

Ақпанның 5-7-сі күндері 1-8 сынып оқушылары арасында «Абайла өрт» тақырыбында қабырға газіт байқауы, «Өрт тілсіз жау» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді.

Ақпанның 8-і күні  сынып жетекшілері «Өрт қауіпсіздігін сақтайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп ата-аналарды өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

  

       

Ақпанның 11-15-і күндері кітіпханашы Бірлесхан А. «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Ақпанның 18-22-сі аралығында «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында мектеп Психологы Сулейменова Р.А. ата-аналармен ашық есік күнін өткізіп, суицидтің алдын алу жұмыстарын  жүргізді.

  

Ақпанның 25-сі мен 1- наурыздың аралығында «Әнші балапан» байқауы өткізілді. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысып, жеңімпаздар марапатталды.

       

1. Ақпанның 25-сі мен 1-Наурыз аралығында «Қамқорлық» акциясы жүргізілді. Онда Жас Ұлан Ұйымы жалғызілікті  қарттардың ауласын қардан тазартып т.б аула жұмыстарын көмектесті.

2.  Ақпанның 27-сі күні 1-8 сынып жетекшілері «Алғысым шексіз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

3. Ақпанның 28-і күні директордың ТЖ орынбасары «Жүректі жарып шыққан ізгі лебіздер» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.

4.  Ақпанның 25-сі мен 1-Наурыз аралығында 1-8 сынып жетекшілері «Еске  ала отырып, алғыс айтамын» фотокөрме ұйымдастырды.

5. Ақпанның 26-сы мен 1-Наурыз күндері 1-8 сынып оқушылар «Менің көп ұлтты Қазақстаным» тақырыбында  қабырға газет шығарды.

6. Наурыздың 1-і күні  Аға тәлімгер Бірлесхан А.  1-8 сынып оқушыларымен «Халықтар  достастығы мәңгілік жасасын» тақырыбында салтанатты жиын өткізді.

           

 

             

Наурыздың 4-7-сі аралығында «Ана-өмірдің тірегі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, тәрбие сағаттары өткізіліп, аналарға арнап мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға  0-8 сынып оқушылары қатысып, аналақ қонақ ретінде шақырылды.

      

          

1. Наурыздың 11-15-сі аралығында учаскелік  дәрігер Мұхамбетжан Д.Ж.  «Ерте жыныстық қатынастың адам ағзасына зияны» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2. Сынып жетекшілері «Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында , ата-аналар мен оқушыларға көктемгі демалыс уақытындағы техника қауіпсіздік  ережелерін таныстырып, қауіпсіздіктің алдын алу жұмыстырын жүргізді.

Наурыздың 11-15-сі аралығында «Наурыз-бірліктің, татулықтың , ізгіліктің мерекесі» тақырыбында 1-8 сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

Наурыздың 15-сі күні  «Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізіліп, әр сынып оқушылары ата-бабаларымыздан қалған сал-дәстүрлерден театрлық қойылымдар көрсетті. Іс-шар өте жақсы деңгейде өткізіліп, оқушылар бойына қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері арқылы тәлім тәрбие беру.

              

Наурыздың 20-сы күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар түгелдей ат салысып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, ән шырқалып, би билеп өнерлерін көрсетсе, қазақтың ұлттық ойындарынан да әртүрлы сайыстар өткізіліп марапатталды. Мереке соңында ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен мерекеге келген қонақтарға наурыз көже таратылылды.

          

           

 

      Директордың ТЖ орынбасары: Мұса Е.

        

Жаңартылған күні: 17.04.2019 17:54
Құрылған күні: 23.04.2019 16:15

Текст