"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз білім ордасы» республикалық акция шеңберінде өткізілген іс-шаралар есебі

 

Құмай негізгі мектебінде «Қауіпсіз білім ордасы»

республикалық акция шеңберінде өткізілген

іс-шаралар бойынша есеп беру

Қыркүйектің 16-27-сі аралығында Құмай негізгі мектебінде «Қауіпсіз білім ордасы» республикалық акция шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді.

         1.Қыркүйектің 16-26 аралығында 1-8 сынып жетекшілері "Абайланыз балалар " ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушылардың жолда дұрыс жүріп, қоғамдық көліктердің күнделікті тұрмыста алатын орны туралы, жол белгілерін ажырата білуді үйретті.  Директордың ТЖ орынбасары Мұса Е.  және мектеп  Психологы  Сулейменова Р.А. «Балалардың құқығын қорғау комитетінің» сенім телефондарымен таныстырып, ескертпелер, буклеттер, ақпараттық материалдар таратты.

         2. Қыркүйектің 16-26-сы аралығында Директордың ТЖ орынбасары Мұса Е. «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырды.  Байқауға 1-8 сынып оқушылары қатысып  тақырыпқа сай сурет салған оқушылар марапатталды. 

3. Қыркүйектің 24-і күні аға Тәлімгер Бірлесхан А. 1-8 сынып оқушыларымен «Жол ережесін сақтаймыз» тақырыбында флешмоб өткізді.

         4. Қыркүйектің 26-сы күні  ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста «Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты  зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар таратылды. Балалардың құқытары заңды мүдделері бұзылған жағдайда және балаға қауіп төнген жағдайда, сонымен қатар интернет желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және басқа да органдарға сенім телефондары арқылы өтініш білдіруге болатыны туралы айтылып, ақпараттық материалдар таратылды.

          

 

         Директордың ТЖ орынбасары:             Мұса Е.

Жаңартылған күні: 19.05.2020 23:47
Құрылған күні: 19.05.2020 23:47

Текст