"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні апталығы

«Құмай негізгі мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген іс-шараға есеп беру

2018-2019 оқу жылы

Ақпанның 04-14-і аралығында өзін-өзі тану пәнінен декада өткізілді. Декада барысында келесі  іс-шаралар өткізілді:

1. Ақпанның 4-і күні декаданың ашылу салтанаты өтіп, 1-8 сынып оқушылары флешмоб биледі.

2. Ақпанның 5-12-сі күндері 1-7 сынып оқушылары арасында  «Анамның мейірімді жанарымен» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, «Мен әлемді сүйемін», «Достық айнасы», тақырыбында оқушылар ашық хаттар жасап  қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

3. Ақпанның 12-сі күні  3-7 сынып оқушылары «Егер мен мейірімді болсам, адамдарға қандай жақсылық жасар едім?» тақырыбында эссе жазды.

4. Ақпанның 5-13-і аралығында 1-8 сыныптарда пән мұғалімдері  «Өмір баға жетпес сый», «Өнеге отбасынан», «Адами қарым-қатынас жарастығы», «Сүйіспеншілік жолындағы өмір», «Мейірімділік-ол күн сияқты, адамның жанын жылытады», «Жүрек жылуы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.

5. Ақпанның 13-і күні әр сынып «Мейірім мен сүйіспеншілік қанатында»  қабырға газет шығарды.

6.  Ақпанның 14-і күні декаданың жабылу салтанаты өткізіліп, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

                   

      

    

Директордың ТЖ орынбасары: Мұса Е.

 

Жаңартылған күні: 17.04.2019 18:04
Құрылған күні: 23.04.2019 15:59

Текст