"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құмай ауылының негізгі орта мектебі « КММ 01- 12. 12 .2025 күндері аралығында « Үш ғылым - бір әлем» тақырыбында өткізілген География, биология және химия онкүндігінің қорытындысы

«Ақмола облысы білім басқармасының  Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Құмай ауылының негізгі орта мектебі « КММ

01- 12. 12 .2025 күндері аралығында « Үш ғылым - бір әлем» тақырыбында өткізілген  География, биология және химия онкүндігінің қорытындысы

 

Дүйсенбі күні апталықтың ашылуы. Тақырыбы ; « Үш ғылым - бір әлем»

Мақсаты ; Оқушылардың жаратылыстану ғалымдарына қызығушылығын арттыру, биология,химия пәндері арасындағы байланысты түсіндіру , ғылыми ойлау қабілетін дамыту. Ашылу барысында апталық жоспар таныстырылып ,пән мұғалімдері мен оқушыларға алдағы іс- шаралар туралы ақпарат берілді. Оқушылар белсенділік танытып, апталықты қызығушылықпен бастады.

02,12.- 12,12 күні. Сурет сайыс « Табиғат- ең шебер суретші !»

Мақсаты ; Оқушылардың сурет салуға қабілеттерің арттыру, табиғатты қорғауға баулу.

Апта бойынша оқушылар салған суреттерің тапсырды. Сыныптар плакатқа суреттер салып тапсырды. 7-8 сыныптардың плакаттарына , 1-орын берілді. 2- орын 5- сыныптың суреттеріне . Қалған балалар жеке- жеке суреттер тапсырып , суретке деген қызығушылығы артты.

03,012- күндері. Ашық сабақ  « Қантамырлар  жүйесінің  түрлері және қан айналым шеңберлері »

Мақсаты - білім алушыларға қан тамырларының түрлері, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің құрылысы мен қызыметі туралы түсінік беру ,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Сабақ барысында оқушылар сұрақ- жауап әдісі арқылы өз білімдерін көрсетті.

04,12- күні . Тақырыбы ; « Қызықты ойын !»

Мақсаты ; Оқушыларға қызықты ойындар арқылы қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту. Оқушылыр аудандық обылыстардың  картасын  құрастырып,әр мемлекеттердің туын аттарын тауып ,вортбалл әдісі бойынша тапсырмалар орындау

Арқылы өз білімдерің көрсете білдіі

09.12- күні . Ашық сабақ. Тақырыбы ; « Су ресурстарының  маңыздылығы!» география пәні бойынша 7- сыныпта ашық сабақ өтті.

Мақсаты ; Оқушыларға су ресурстарының адам өміріндегі және табиғаттағың маңыздылығын түсіндіру, суды үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу, экологиялық, жауапкершілік қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында түрлі әдіс- тәсілдер, соның ішінде ойын элементтері қолданылды. Оқушылар жұптық, жеке жұмыстарға белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізебілді.

 

« Мыңнан жүйрік » интеллектуалды  ойын . 7-9 сыныптар

 

Мақсаты; оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

12,12- Апталықтың жабылуы. Тақырыбы; « Жаратылыстану ғажайыптары» ойыны .

Мақсаты ;Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте , өмірде қолдану.

Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

«Жаратылыстану ғажайыптары « атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушыларымызды 2- топқа бөліп отырғызып топ аттарынан бір- бірден таңдауларыңызды сұраймын. Әр оқушы өз таңдағандары бойынша көрсетілген топтарға (« Алғырлар « тобы, «Қыран « тобы ) бөлініп отырады. Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 -кезеңнен тұрады. Алдымен тақтаға сандар бар суреттер ілінеді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып суреттерді жинап шығару керек. Әр топтан 1-1 оқушы шығып бір сұрақтан таңдап сұрақтарға жауап береді. Тез, жылдам, нақты жауап берді. Оқушылар ойынға деген қызығушылығы артып әрбір кезеңдердегі жұмбақтар, шартты белгі дегеніміз не? Карта дегеніміз не ? Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға тез жылдам жауап беріп  белсене қатысты . сайысқа жақсы қатысқан оқушыларға түрлі сыйлықтар берілді.

 

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Малигова М.

 

 

 

 

 

           


Текст