"Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді!" Салтанатты жиын
Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді!
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау сценарийі
Мақсаты:
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- мектеп оқушыларын әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту,
Әлеуметтік - танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылардың саны:
«Жас Ұлан» - 4
Фанфар
(Жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!
Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!
Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,
Шарықтасын қазағымның жыр-әні.
Отанымның Туын көкке көтерер,
Біз боламыз ұлы елдің Жас Ұланы.
2-жүргізуші: Армысыз, өнер тұнған ғасыр елім!
Ерлерін ардақтаған асыл елім!
Құмай негізгі мектебінің оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
ҚР Мемлекеттік әнұран орындаласын
1-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн – жауапты күн. Елбасымыз айтқандай, жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!
1-жүргізуші: Олай болса, баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 28 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз!!!
2-жүргізуші: және барша Жас Ұландықтарды 8 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Альмагамбетова Светлана Сапарқызына сөз береміз!
1-жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.демекші
Даярлық және бастауыш сынып оқушыларының «Алға Қазақстан»флешмоб қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданатын оқушылармен таныс болыңыздар!
1. Сарсенгалиев Дамир 5-сынып оқушысы
2. Серікова Жанай 5-сынып оқушысы
3. Еділбаева Тиана 5-сынып оқушысы
1-жүргізуші: Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
2-жүргізуші: Негізгі міндеті – мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет сезімін ояту болып табылады.
1-жүргізуші: Елімнің болашағы ұланымыз,
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.
Тәуелсіз елімізбен бірге туған,
Аспаны азат елдің қыранымыз!
Ән
2-жүргізуші :Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Олай болса, оқушыларымыздың тәуелсіздікке арналған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
« Балауса» тобының Шаңырақ биін қарсы алылыңыздар!
1-жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
2-жүргізуші: Жас Ұлан – жігерлі де жайдарлы ұйым.
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жас Ұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
1-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгі тағу құрметі бүгінгі салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар мен
«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушыларына беріледі.
(«Атамекен» ойнап тұрады)
Жүргізушілер: Біз...!
Оқушылар: «Жас Ұлан!»
Жүргізушілер: Ұранымыз:
Оқушылар: Қазақстан! Жас Ұлан! Жас қыран! (3 рет)
2-жүргізуші: Ендеше, оқушылар «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнді жатқа айту керек.
1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанына адал.
2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанын шексіз сүйеді.
1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – шыншыл, адал дос
1-жүргізуші: «Мен не істесем де, келешегі кемел, көркем Қазақстан үшін істеймін!» деген ұландардың Отаны, елі алдында өз парыздарын айтар сәтте туды. Еңселі еліміздің ертеңі сендер! Ендеше «Жас Ұлан» сөз кезегі сіздерде.
2-жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, салтанатты уәде беру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
1-жүргізуші: Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
2-жүргізуші: Сөз – «Жас Ұлан» ұйымының президенті Саутбеков Тамерланға беріледі.
Президент: Құрметті Тәуелсіз еліміздің жалындаған жастары!
Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті Жас Ұландар! Ант қабылдау рәсіміне дайындалыңыздар!
1. Сарсенгалиев Дамир 5-сынып оқушысы ант қабылдауға шықсын!
2. Серікова Жанай 5-сынып оқушысы ант қабылдауға шықсын!
3. Еділбаева Тиана 5-сынып оқушысы ант қабылдауға шықсын!
(Ант қабылданады.)
1-жүргізуші: Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері!
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының әнұраны орындалсын!
2-жүргізуші: Мен елімнің ертеңімін – Жас ұлан,
Жаралғанмын қазақ деген асылдан!
Елім үшін, жерім үшін аянбай
Тұрғызамын асыл күмбез ғасырдан!
1-жүргізуші: Парызымыз – Ұлы Отанға адалдық,
Бойымызда бар өскіндік балалық
Барша жанға үлгі-өнеге боламыз,
Біз Жас ұлан адалдықтан жаралдық!
Ендеше, « Балауса» тобының Шаңырақ биін қарсы алылыңыздар!
2-жүргізуші: Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері.
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі, - дей келе,
Хор:Желтоқсан желі
1-жүргізуші.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!