"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 қазан Республика күніне орай өткізілген іс-шара туралы АҚПАРАТ

«Құмай ауылының негізгі орта  мектебі» КММ

25 қазан Республика күніне орай өткізілген іс-шара туралы

АҚПАРАТ

2022-2023 оқу жылы

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

2022 жылғы қазанның 17-22 аралығында Республика күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, келесі жұмыстар атқарылды.

  1. Қазанның 17-21 аралығында  1-9 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында  сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті.
  2. Қазанның 17-22 аралығында  1-6 сыныптар арасында«Қазақстан еліне саяхат» 1-6сынып оқушылары салған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
  3. Қазанның 17-20 аралығында  7-9 сыныптар «Қазақстан-достық мекені» қабырға газет шығарды.
  4. Қазанның 18-і күні Кітапханашы Баетова Н.Қ. оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Қазақстан ортақ - Отанымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
  5. Қазанның 21-і күні Тәлімгер Сарсенғалиева Ж.Т. «Патриоттық рух және Қазақстан жастары» пікірсайыс өткізді, пікірсайықа 7-8 сынып оқушылары қатысты.
  6. Қазанның 22-і күні 9-сынып жетекшісі Мустафин Е.Т. «Жасай бер, жаса Қазақстан» мерекелік концерт өткізді. Іс-шара барысында 1-9 сынып оқушылары ән салып, би билеп өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Іс-шараға барлық 5-9 сынып қыздарықамтылды.

Қорытынды: Республика күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

 

Директордың ТІЖ орынбасары:                  Мұса Е.

Жаңартылған күні: 20.12.2022 17:33
Құрылған күні: 20.12.2022 17:34

Текст