"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 қазан Республика күніне орай өткізілген пікірсайыс туралы АҚПАРАТ

«Құмай ауылының негізгі орта  мектебі» КММ

 

25 қазан Республика күніне орай

өткізілген пікірсайыс туралы

АҚПАРАТ

                 Білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Ұшқыр ой» дебат клубы мүшелері арасында «Бізді қоршаған орта» тақырыбымен пікірталас  өткізілді.

     Жолдастық кездесу барысында төмендегі қарарлар бойынша жұмыс жүргізілді:

1.БП: «Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары» бағытын дамыту керек-деп есептейді.

 2.БП:« Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» бағытын дамыту керек-деп есептейді.

      Клуб мүшелерін сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, қоғамның әлеуметтік-саяси бағдарланған азаматтары ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілген жолдастық кездесулер оқу жылы барысында өз жалғасын таппақ.

   Қорытынды:   Жас жеткіншектердің мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, зерделеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту мақсатында өткізілген пікірталасқа 8-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Пікірсайысқа тарих пәнінің мұғалімі Мұса Е. төрешілік жасады

 

 

Директордың ТІЖ орынбасары:                  Мұса Е.

 

 

Жаңартылған күні: 20.12.2022 17:34
Құрылған күні: 20.12.2022 17:35

Текст