"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: "Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір"

Тақырыбы: "Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір" 
Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 

Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 

Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар

арасындағы ынтымақты нығайту. 

жүрізуші:

Әнұраным көкейде жатталады, 
Сонымен бейбіт күнім басталады. 
Шәмші атамның шығарған асқақ әні, 
Әркімнің жүрегінде сақталады.

 

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. 

– Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 
– Тіл мерекесі – барша қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам. 

жүрізуші:

«Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір –

бірімен тамыр, дос болып, тату – тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата – бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне, түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез – құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп

қиыншылықтарды жеңе білдік» деген болатын елбасымыз. 

жүрізуші:

Елді бүгін қарасам, 
Айналам бақыт кең жатыр. 
Бірімен – бірі туысқан. 
Қол ұстасқан ел жатыр 
Қырғыз, қазақ, Өзбектер 
Армян, татар, ұйғырлар. 
Орыс пенен Украин 
Терезесі тең жатыр, 
Алатау Кавказ ұласып 
Баурайы бұйрат кең жатыр. 
Бақыттың әні асқақтап 
Құлаққа даусы кеп жатыр

– деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату – тәтті, достық қарым – қатынаста. 
– Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсің! 
 

жүрізуші:

Ана тілім – арайлы шапағатым, 
Ана тілім – сәнім мен салтанатым. 
Ана тілім – таудағы таза бұлақ, 
Ана тілім – Мәңгілік махаббатым. 
Ана тілім – қазағым, қазақ тілім! 
«Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» атты білім сайысымыз ашық деп жариялаймыз! 

– Бүгінгі ойынымыз негізінен 3 кезеңнен тұрады: 
1 – кезең: Таныстыру 
2 – кезең: Өнер сайысы 
3 – кезең: Ұлттық тағам немесе қолөнермен таныстыру, ал ендеше бастайық! 

1 – жүрізуші:

– Әділ қазылар алқасы ғой әрине! 

Ал ендеше, бастайық! 

Қазақ жері кең, байтақ 
Қазақ жұрты мейманда 
Қазақстан – ел ортақ 
Барлық жанға мекендес 
Қазақстан – Отаным 
"Өз елім" деп атады. 
Оны өкілі әр ұлттың. 
Мұнда бірге тұрады 
Орыс, неміс, татарлар 
Мұнда тапқан тұрағын. 
Ұйғыр, кәріс, балқарлар 
Бір шаңырақ астында 
Достық болған тірегі 
Үлкен – кіші, жастың да 
Бар мақсаты, тілегі. 
2 – жүрізуші:

Құтты болсын мерекесі тілімнің, 
Асқақтасын көк байрағы елімнің. 
Ана тілін құрмет тұтқан жас өрен, 
Алдарыңа келді міне достарым! 
 

1 – жүрізуші:

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. 

(Құрмет – қошаметпен орыс ұлтын ортаға шақырамыз) 
 

2 – жүргізуші:

Бүгінде біздің елімізде 130 – дан астам әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың қай – қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи Отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуге, өз ұлттарының рухани тәрбиесімен тәрбиелеуге ынталы. 
(Құрмет – қошаметпен татарларды ортаға шақырамыз) 
 

2 – жүргізуші:

3 – кезең: Ұлттық тағам немесе қолөнермен таныстыру, ал ендеше бастайық! 
1 – жүрізуші:

– Біз келер ұрпаққа Отан, халық, тіл деген сөздерді жиі айтып тәрбиелесек, сонда әркім туған жердің қадірін түсініп, болашағымыз жарқын, ертеңіміз гүлді болмақ. 
2 – жүргізуші:

Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Қазақтар, Орыстар, Қырғыздар, Дұнған, Татарларды қарсы алайық. Біз өзіміздің салт – дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз.

 «Атамекен» әні 
1 – жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем – мерейлі ырыс – бағы  
Күрестерде, еңбекте, мерекеде 
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады. 
«Тіл – достықтың құралы» дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат. Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік іс – шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.03.2021 12:46
Құрылған күні: 02.03.2021 12:46

Текст