"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырып: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "

Тақырып: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "

 Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

 Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікіралысу

 ЖОСПАР

 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

 2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар

 3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?

 4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

 5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? 

 6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?

 7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.

 Сабақтың барысы:

 I Ұйымдастыру кезеңі

II Негізгі бөлім

                 Тәрбиеші:

Қайырлы кеш балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ ".  Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.  Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.

Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды. Әсіресе, қазақ қыздарын шетелде жақсы әрі табысты жұмысқа алдап шақырып, жезөкшелікке салу деректері де біршама артқан. Биші, фотомодель ретінде алдап әкелінген жас қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлейді. Сондай-ақ ер адамдарды құлдыққа сату фактілері де едәуір өскен.

 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

Вика: Зорлықбалалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта

Света:  «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар

Абдрахман: Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

 Тәрбиеші: Объективті факторларға сәйкес, еліміз адам саудасы құрбандары келетін, тұратын және транзит елдердің қатарына жатады. Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, әлемде 2-4 млн. адамдар адам саудасының құрбаны болып келген.

3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?

Егор: Ондай адамдар қатарында кедей отбасынан шыққандар, басқа елге барып еңбек етіп, табыс тапқысы келетіндер, баспанасыз жандар, қараусыз қалған балалар, жетімдерді жатқызуға болады.

  Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты.

Лидия:  Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.

4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

Алена: Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? 

Ермек:

ØАдамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беуді көтермелеу.

ØОтбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.

ØТұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу

 

Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтрын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өткізу керек іс болып табылады.

  Тәрбиеші: Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз – сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған түрлері.

  Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез келген мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан байқауға болады:

 

·        біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алады.

·        Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады.

·        Үшіншіден, соғыс өрті тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ – «қарабазардың» қызған орталығы деуге болады.

6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек? Лектордың ұсынысы бойынша ол: миграция қызметіне тіркелу, келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, бөтен тұлғаларға ешқашан паспорт және өзге де жеке құжаттарды бермеу. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар – адамның өмір сүруге құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы.

 

Адам саудалау, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау фактілері күн өткен сайын жиілеп келеді. Адам саудасы криминогендік бизнестің алуан түрлілігі сияқты адамзаттың күрделі проблемаларының бірі болып табылады. Ол әлдеқашан жекелеген мемлекеттерден тысқары шығып, әлемдік ауқымға ие болды. Елімізде өзінің экономикалық және географиялық орналасу жағдайына байланысты, өкінішке қарай, адам саудасы құрбандары азаймай отыр. Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта күш біріктірген жөн. Сондықтан да жиырма бірінші ғасырдың кеселіне айналып отырған осы өзекті мәселе күн тәртібінен түспеуге тиісті деп есептеленеді.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.

Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек.

ØБалаларға қамқорлық жасау,

Øбаланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес,

сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті... жолымен денесіне зақым келтіру немесе психолгиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.

 

- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квлификацияланады:

Øденеге әсер ету,

Øкемсіту, сөзбен тиісу,

Øүй тыныштығын бұзу,

Øазаматтарды сыйламау.

 

Қорытынды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

 

 

Жаңартылған күні: 02.03.2021 12:50
Құрылған күні: 02.03.2021 12:50

Текст