«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында өткізілген іс-шаралар туралы
АҚПАРАТ
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Балаларға қатыгездік мен немқұрайлық мәселесіне қоғамдық назар аудару; қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру; балаларды зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
2022 жылғы қарашаның 7-20 аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, келесі жұмыстар атқарылды.
Қарашаның 07-11 күндері кітапханашы Баетова Н.Қ. «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға ақпараттық мәліметтер беріп, көрмеге қойылған кітаптармен таныстынды.
1-9 сынып жетекшілері «Бала құқығы – адам құқығы» тәрбие сағаттарын өткізді.
Қарашаның 10-ы күні Психолог Сулейменова Р.А. 7-9 сынып оқушыларымен «Мен және менің құқығым» дөңгелек үстел өткізді.
Қарашаның 10-ы күні Тәлімгер Сарсенғалиева Ж.А. 1-9 сынып оқушыларымен «Біз ,бәріміз біргеміз» атты флэш-моб өткізді.
Директордың ТІЖО Мұса Е. 3-9 сынып оқушылары арасын «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама жүргізді.
Қорытынды: «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын аясында өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді. Оқушылар өз құқықтары туралы ауқымды ақпараттар алды. Сауалнама нәтижесі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар анықталған жоқ.
Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.