"Жанғыш қазбалар" ашық сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Жанғыш пайдалы қазбалар туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Ой-өрісін,тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиеле

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау, иллюстрация, демонстрация

І. Ұйымдастыру кезеңі Көрнекілігі: жаңғыш пайдалы қазбалардың суреттері, плакат, сызба, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Сабақ барысы

 

Психологиялық ахуал туғызу

2 мин

 

 

 

-Оқушылармен амандасы

-Оқу құралдарын түгендеу

-Оқушылар ашық сабағымызды  өлең жолдарынан бастайық. Барлығымыз бірге айтайық.

Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

-Жарайсыңдар, отырыңдар!

 

ІІ. Ауа-райын бақылау

1 мин

 

-         Балалар,қазір қай жыл мезгілі?

-         Қүздің қай айы?

-         Күздің қай күні?

-         Бүгін ауа райы қандай?

-Жарайсыңдар, балалар!

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

 

 

«Ыстық орындық» әдісі

«Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын тексеремін.

Сыныптағы оқушы «Ыстық орындыққа» отырады. Ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарыға жауап береді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Сұрақты оқушылар қояды.

-Жарайсыңдар, үй жұмысы тексерілді.

ІҮ.Жаңа сабақ

 

Сабақтың тақырыбы және оның мақсаты

3 мин

-Балалар тақтадағы суретке назар аударайық!

-Нені көріп тұрсыңдар?

 

-Отын жаққанда, біз пешке не саламыз? көмір

-Пештегі ағаш тез жану үшін оған не құяды? Бензин

-Ал бензин мұнайдан жасалынады.

-Және біз газға тамақ пісіреміз, оған бізге не керек? Балондағы газ

-Көмір, мұнай, газ қандай қазбаларға жатады? Пайдалы

-Дұрыс айтасындар, ал ендеше бүгінгі біздің тақырып қандай болмақ деп ойлайсындар? Біреу жауап береді жанатын пайдалы қазбалар

-Дұрыс айтасындар, яғни бүгінгі бізідң тақырыбымыз: «Жанғыш пайдалы қазбалар»

-Және бүгінгі біздің мақсатымыз: жанғыш пайдалы қазбалар: көмір, мұнай, газ туралы ақпарат алу. Яғни олардың қасиеттері, қайда қолданылатының, білетін боламыз.

 

Сергіту сәті

3 мин

 

Топқа бөлу

1 мин

-Оқушылар, орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

 Бейнебаян арқылы оқушыларды билету

 

-Оқушылар, орнымызға отырмай тұрып, мына қағазды таңдап аламыз.

-Енді жанғыш пайдалы қазбалар бойынша бөлінеміз.

 

1 топ – «Көмір»

 

2 топ – «Мұнай»

 

3 топ – «Газ»

 

 

Топпен жұмыс

5 мин

 

 

Постер құрастыру

7 мин

 

 

 

 

Постерді қорғайды

5 мин

-Балалар, сендерге 5 минут уақыт беріледі. Әр топ өзіңін жанғыш пайдалы қазбалар туралы ақпаратты оқиды.

-Уақыт кетті.

 

           «Кластер» әдісі 

-Ал енді, оқушылар уақыт өтті. Енді қазір мен сендерге плакат беремін. 5 минут уақыт беріледі. Әр топ плакатқа, постер жасайды және қорғайды.

-уақыт кетті.

 

-Уақыт өтті. Плакаттарды тақтаға іліндер. Енді әр топ өздерінің постерлерінді қорғайсындар. Топ қоғап болғаннан кейін, дескриптор бойынша бағалаймыз.

V. Қорытындылау

3 минут

-Оқушыларды үй тапсырмасы, сабаққа белсенді қатысқан үшін, топпен жұмыс жасау бойынша бағалаймын.