«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ мектебінде
«Ғылым.Табиғат. Тіршілік» атты жаратылыстану пәнінің апталығын өткізудің қорытындысы туралы ақпарат
Апталықтың мақсаты:
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоцияларын ояту, өздігімен тұжырымдауға және жалпылауға үйрету, оқушылардың ой-өрісі мен зиятын қосымша білімдермен байыту.
Өтетін күні: 22.01-30.01.2024
Апталық күнделігі
Күні: 22.01.2024 жыл «Апталықтың ашылуы» сап түзеу салтанаты
«Құмай ауылының НОМ» мектебінде "Ғылым. Табиғат. Тіршілік" атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық білім берудегі апталығының ашылуы болды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоцияларын ояту, өздігімен тұжырымдауға және жалпылауға үйрету, оқушылардың ой-өрісі мен зиятын қосымша білімдермен байыту.Саптық жиын өткізіліп, бағдарлама таныстырылып, ғылым туралы баяндама оқылды. "Кіріктірілген ойындар" сайыс сабақ өтті. Ұйымдастырушы география пәнінің мұғалімі: Бекмаганбетов А.А.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту.
Күні: 23.01.2024 жыл
«Туған өлкем -қандай көркем!» сурет байқауы
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту апталығының екінші күні
«Туған өлкем -қандай көркем!» деп аталды. Бұл күні 2-4 сынып оқушылары өздерінің суретшілік қасиетін сынайды. Ең әдемі суреттер марапатталып, шағын сыйлықтар үлестірілді. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, шеберлігін дамыту. Ұйымдастырған: 4 сынып жетекшісі- Малигова Мейрамгул
Күні: 24.01.2024
«Табиғат білгірлері» ойын викторинасы
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығының үшінші күні 2-4-сынып оқушылары арасында «Табиғат білгірлері» ойын викторинасы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, құстарға қамқорлық таныту. Ұйымдастырған: 3 сынып жетекшісі Жұмабек Т.Ж
Күні: 25.01.2024 жыл
«Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?» 4 сыныптың ашық сабағы. Өткізген: Малигова Мейрамгул
Апталықтың төртінші күнінде "Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?" тақырыбында 4 сыныпта ашық сабақ өтті. Мақсаты: Белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығымен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру. Ашық сабақта « Додокаэдр» шеңберімен жағымды көңіл күй жасап, үй тапсырмасын «Ілгіш» әдісімен тексеріп, жаңа тақырыпты «Адасқан әріптермен» ашқызып, « Көгершіннен хат» әдісі арқылы жаңа сабақта талдап, қызықты сергіту «Алма, шие, банан» сергіту сәтін ұйымдастырып, «ВЕЕР» әдісімен сабақты қорытындылап, «медаль тағу» бағалауымен сабақ сәтті өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
Күні: 26.01.2024
«Жер сфералары дегеніміз не?» ашық сабақ 3-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ұйымдастырған: 3 сынып жетекшісі Жұмабек Т.Ж Сабақтың мақсаты: Жер сфераларын түсндіру және графиктік кескіндеу. Ұйымдастыруы шаттық шеңберімен, баскетбол ҚБ әдісімен, қима қағазда жұмыстар жасалды.Сиқырлы сандықтар мен керібайланыс жасалды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
Күні: 26.01.2024 жыл
Апталықтың соңғы күні өтілген іс-шараларға талдау жасалып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.