"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылындағы психологиялық қызмет бойынша педагог-психологтың I тоқсандық есебі

07.11.2024

                   «Құмай ауылының негізгі орта мектебі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024-2025 оқу жылындағы психологиялық қызмет бойынша педагог-психологтың I тоқсандық есебі

 

 

Мектеп психологы:Хиса Л.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

2024

                               1 сынып бейімделу

2024-2025  оқу жылында 1 сыныпқа 5 бала қабылданды.

1 сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:

Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;

Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;

Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,

Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.

Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:

Логикалық ойлауын зерттеу. «Не артық?» әдістемесі;

Баланың қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі;

«Үйшік» әдістемесі;

Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. «Баспалдақ» әдістемесі;

Жүргізілген жұмыстар бойынша қорытынды 1 жартыжылдықта шығарылады.

 

 

                5  сыныпта 5 оқушы бар. Сабақ үлгерімдері жақсы және өте жақсы. 5  сыныппен жұмыс екінші тоқсаннан бастап жүргізіледі.

 

 

4  сынып оқушыларына арналған «Достық» тренингі

Мақсаты: сыныптың ауызбіршлігін, ынтымақтастығын дамыту.

Тренингтің міндеті:

1) Бір-біріне деген сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру.

2)Мәселелік жағдаяттарды шешуді үйрену және өзінің іс-әрекетін басқалардың қабілетімен үйлестіре білуге қалыптастыру.

3)Қойылған мақсатты бірігіп шешуге және іскерлікке үйрету.

4)Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту.

Тренинг барысы:

Танысу.

Ой-толғау.

Ойын «Құстар үйірі»

«Орындарыңды ауыстыңдар»

Жаттығу «Бес мейірімді сөз»

Қорытынды

 

 

Жоғарғы сынып оқушыларымен "Ғаламтордағы қауіпті ойындары туралы не білеміз?" атты дөңгелек үстел өткізіліп, жадынамалар таратылды.

 

Ата-аналар жиналысына ата-аналарға интернеттің қауіпі туралы жадынамалар таратылды.

 

«Діни экстремизмнің алдын алу күні!» шарасы мақсатында жоғарғы сыныптармен видеоролик көрсетіліп,ескерту шаралары ұйымдастырылды. 9 сынып оқушыларымен «Сенімділікті арттыру» тренингі өткізілді.

 

Психолог: Хиса Л.Ж.

Просмотров: 1198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст