Құмай
негізгі мектебінде тәрбие жұмысы бойынша
Қараша айында
өткізілген іс-шараларға есеп беру
2017-2018 оқу жылы
1.
Қарашаның
6-9-ы аралығында «Абай бол»
тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, 1-9 сынып жетекшілері оқушыларға табиғат
апатынан болатын мұз қату кезіндегі
қауіптің алдын алу, үй-жайындағы қауіп газдын, өрттің, пештің, түтіннен уланудың
алдын алу, жолда жүру ережелерімен таныстырды.
1.2.
Мектеп
Психологы Сулейменова Р.А. 7-9 сынып оқушыларына «Өмір, қымбатсың сен маған» атты тренингтер өткізді. Іс-шараға
мектептің барлық 35 оқушысы қатысты. Мақсаты оқушылардығ өмір қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, өзін-өзі тану мн өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
2.
Қарашаның
07-11 аралығында Тұмаудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіліп, сынып
жетекшілері мен мектеп Медбикесі 1-9 сынып оқушыларына арнап сынып сағаттарын
өткізіп, тұмаудан сақтану жолдарын әңгіме жүргізді. Шараға 1-9 сыныптан барлығы 35 оқушы қатысты. Мақсаты салауатты
өмір салтын қалыптастыру.
3.
Қарашаның
13-17-сі аралығында «Ұлттық теңге күніне»
орай іс-шара ұйымдастырылып, сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізсе, Жас
Ұлан Ұйымы тәлімгері Бірлесхан А.
мерекелік кеш өткізді. Шараға барлығы 1-9 сынып аралығынан 35 оқушы қатысыты.
Мақсаты оқушыларды азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу.
4.
Қарашаның
20-24 аралығында «Аялайық, туған жер
табиғатын» атты іс-шара ұйымдастырылып, сынып жетекшілері мен тәлімгер
оқушыларға арнап дөңгелек үстел өтізілді. Шараға барлық 35 оқушы қатысты.
Мақсаты туған жерге деген с.йіспеншіліктерін арттыру, экологиялық тәрбие беру.
5.
Қарашаның
27-сі мен 30-ы аралығында «Тұңғыш Президент күніне» арналған іс-шаралар
жоспарланып келесідегідей шаралар өткізілді. Қарашаның 27-29-ы күндері 1-9
сынып жетекшілері Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатын өткізді.
5.2.Қарашаның
30-ы күні Қарашаның 30-ы күні Жас Ұлан Ұйымының Тәлімгері Бірлесхан А. «Ұлты ұлықтаған - Ұлы тұлға!» тақырыбы
аясында мерекелік шара ұйымдастырды.. Онда Президент күніне орай 5 сынып
оқушыларын салтанатты түрде Жас Ұлан Ұйымына қабылдады, жиын соңы президент
күніне арналған мерекелік концертке ұласты. Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін
арттыру. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
6.
Қарашаның
30-ы күні тәрбие ісінің орынбасары Мұса Е.
«Зорлық-зомбылықсыз, жазалаусыз тәрбиелеу; жазалаудың қандай болуы мүмкін»
деген тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге барлығы
15 ата-ана келіп қатысып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Мақсаты ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, қиындықтардың жол
табуға көмектесу, мектеп пен ата-ана
ынтымақтақтығын қалыптастыру.
Тәрбие
ісінің орынбасары: Мұса Е.