"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпан-наурыз айларындағы оқушылармен мұғалімдердің жетістіктері

18.03.2025

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ

Ақпан-наурыз айларындағы оқушылармен мұғалімдердің жетістіктері

          Наурыз айында балалар бірталай жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алды. Республикалық «Абай оқулары» конкурстарына қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алған Сатім Балнұр 1-ші сынып оқушысы және Сатім Мейіржан 3-ші сынып оқушылары. Жетекшісі: Малигова Мейрамгул

          Кейінірек, Республикалық «Ақбота» зияткерлік пәндер олимпиадасына ұстаздар өз оқушыларын қатыстырды. Бастауыш сынып оқушыларынан 1 сыныптан Сатім Балнұр 1-дәрежелі және 1 сыныптан Таңат Інжу 2-дәрежелі орындарға ие болды. Сынып жетекшісі: Малигова Мейрамгул.

           Республикалық «Ақбота»  зияткерлік пәндер олимпиадасына  гуманитарлық пәндер бойынша 5 сынып оқушысы Додай Назерке қатысып,  2-дәрежелі орынға ие болды. Пән мұғалімдері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Алмганбетова Г.Т. , орыс тілі мұғалімі Байгутенова Ж.К., ағылшын тілі мұғалімі Хиса А.Б., тарих пәні мұғалімі Мұса Е.

         Келесі байқау Есіл ауданының білім бөлімінің залында өткен «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің олимпиадасы өтті. Оған мектебіміздің 7 сынып оқушысы Таңат Мадина қатысты. Аудан бойынша І-орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. Облыстан қатысқаны үшін мадақтама алды. Жетекшісі: Алмаганбетова Г.Т.

         Мұғалімдердің жетістіктері:

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне, аудандық білім бөлімінің марапаттарын келесі мұғалімдер ие болды:

Мұса Еркегүл- мектеп директоры, Баетова Нургул Кайыржановна- кітапханашы алғыс хаттармен марапатталды. Профсоюздың аудандық марапатына Арыстанова Даметкен Айтбаевна ілінсе, профсоюздың облыстық марапатына Аюбекова Танзила Турымтаевна ілікті. Ұстаздар қауымы мен оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта тек биік шыңдарды бағындырып, аман жүре беріңіздер дегім келеді.

        

               Оқу ісінің орынбасары: Малигова Мейрамгул

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст