Текст
27.11.2025
«Буллингтен қорған – Дос болайық!» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты
Бүгін 2025 жылы 27 қараша күні Құмай ауылының негізгі орта мектебінде 7–9 сыныптар арасында «Буллингтен қорған – Дос болайық!» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, достыққа шақыруға, буллингтің зиянын түсіндіруге бағытталды.
Оқушылар өз деңгейінде плакаттар әзірлеп, достық пен татулықты насихаттайтын ой-тұжырымдарын ұсынды. Шара жылы атмосферада өтіп, тәрбиелік мәні жоғары нәтиже берді.
ДТІЖ орынбасары: Аюбекова Т.Т