11.12.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
01- 12. 12 .2025 күндері аралығында « Үш ғылым - бір әлем» тақырыбында өткізілген География, биология және химия онкүндігінің қорытындысы
Дүйсенбі күні апталықтың ашылуы. Тақырыбы ; « Үш ғылым - бір әлем»
Мақсаты ; Оқушылардың жаратылыстану ғалымдарына қызығушылығын арттыру, биология,химия пәндері арасындағы байланысты түсіндіру , ғылыми ойлау қабілетін дамыту. Ашылу барысында апталық жоспар таныстырылып ,пән мұғалімдері мен оқушыларға алдағы іс- шаралар туралы ақпарат берілді. Оқушылар белсенділік танытып, апталықты қызығушылықпен бастады.
02,12.- 12,12 күні. Сурет сайыс « Табиғат- ең шебер суретші !»
Мақсаты ; Оқушылардың сурет салуға қабілеттерің арттыру, табиғатты қорғауға баулу.
Апта бойынша оқушылар салған суреттерің тапсырды. Сыныптар плакатқа суреттер салып тапсырды. 7-8 сыныптардың плакаттарына , 1-орын берілді. 2- орын 5- сыныптың суреттеріне . Қалған балалар жеке- жеке суреттер тапсырып , суретке деген қызығушылығы артты.
03,012- күндері. Ашық сабақ « Қантамырлар жүйесінің түрлері және қан айналым шеңберлері »
Мақсаты - білім алушыларға қан тамырларының түрлері, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің құрылысы мен қызыметі туралы түсінік беру ,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Сабақ барысында оқушылар сұрақ- жауап әдісі арқылы өз білімдерін көрсетті.
04,12- күні . Тақырыбы ; « Қызықты ойын !»
Мақсаты ; Оқушыларға қызықты ойындар арқылы қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту. Оқушылыр аудандық обылыстардың картасын құрастырып,әр мемлекеттердің туын аттарын тауып ,вортбалл әдісі бойынша тапсырмалар орындау
Арқылы өз білімдерің көрсете білдіі
09.12- күні . Ашық сабақ. Тақырыбы ; « Су ресурстарының маңыздылығы!» география пәні бойынша 7- сыныпта ашық сабақ өтті.
Мақсаты ; Оқушыларға су ресурстарының адам өміріндегі және табиғаттағың маңыздылығын түсіндіру, суды үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу, экологиялық, жауапкершілік қалыптастыру.
Ашық сабақ барысында түрлі әдіс- тәсілдер, соның ішінде ойын элементтері қолданылды. Оқушылар жұптық, жеке жұмыстарға белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізебілді.
« Мыңнан жүйрік » интеллектуалды ойын . 7-9 сыныптар
Мақсаты; оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
12,12- Апталықтың жабылуы. Тақырыбы; « Жаратылыстану ғажайыптары» ойыны .
Мақсаты ;Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте , өмірде қолдану.
Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
«Жаратылыстану ғажайыптары « атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушыларымызды 2- топқа бөліп отырғызып топ аттарынан бір- бірден таңдауларыңызды сұраймын. Әр оқушы өз таңдағандары бойынша көрсетілген топтарға (« Алғырлар « тобы, «Қыран « тобы ) бөлініп отырады. Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 -кезеңнен тұрады. Алдымен тақтаға сандар бар суреттер ілінеді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып суреттерді жинап шығару керек. Әр топтан 1-1 оқушы шығып бір сұрақтан таңдап сұрақтарға жауап береді. Тез, жылдам, нақты жауап берді. Оқушылар ойынға деген қызығушылығы артып әрбір кезеңдердегі жұмбақтар, шартты белгі дегеніміз не? Карта дегеніміз не ? Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға тез жылдам жауап беріп белсене қатысты . сайысқа жақсы қатысқан оқушыларға түрлі сыйлықтар берілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Малигова М.