"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ 2022 жылы қыркүйек 01-09 аралығында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ 2022-2023 оқу жылы

27.12.2022

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ

2022 жылы қыркүйек 01-09 аралығында өткізілген  іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Мектебімізде қыркүйектің 01-09-ы арлығында түнгі ауыл көшелерінде рейдтер жүргізіп, түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүрген оқушыларды анықтау мақсатында «Мобильді топ» құру бойынша рейдтік шара ұйымдастырылды.

Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу мақсатында қаламызда құқық қорғау органдарымен бірге түрлі іс шаралар жүзеге асырылып жатыр. Азаматтардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін заңмен жауакершілік қарастырылған.Қазіргі таңда жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі маңызды болып тұр. Кешкісін үйден шығып ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер әр түрлі құқық бұзушылықтарға кездесіп жатады. Сондықтан жастардың бойына құқықтық тәрбиені сіңіріп, құқықтық санасын арттыру қажет. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу барша қоғам мен құқық органдарының  міндеті. Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік шара өтті.

Түнгі көшеге директордың ТІЖО Мұса Е., мектеп Психологы Сулейменова Р.А.  сынып жетекшілерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіп, түнгі ауыл көшелеріне рейд жасады.

Атқарылған іс-шара кезінде жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруін, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы айтып түсіндірілді.

Қорытынды: Рейд барысында түнгі ауыл көшелерінде түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүрген оқушылар анықталған жоқ.

 

Директордың ТІЖ орынбасары:           Мұса Е.

 

Просмотров: 119


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст