"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ Ұстаздар мерекесі аясында «Дублер күніне» арналған іс-шаралар туралы АҚПАРАТ 2022-2023 оқу жылы

27.12.2022

«Құмай ауылының негізгі орта  мектебі» КММ

Ұстаздар мерекесі  аясында «Дублер күніне» 

арналған іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

2022-2023 оқу жылы

         Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.

2022 жылғы қыркүйектің 26-30 күндері ұстаздар күнінен орай «Дублер күні» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараға ДТІЖО Мұса Е. және Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің жауапкершілігімен келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Қыркүйектің 26-сы күні «Дублер күнін» өткізу туралы  бұйрығын шығарып, мектеп директорының  дублері лауазымына  кандидатура ұсынылып бастамашыл топ құрылып, жауаптылар  бекітілді.
  2. ДТІЖО Мұса Е. оқушыларды дублер күнінің штаттық кестесімен таныстырды.
  3. Қыркүйектің 30-ы күні «Дублер күні» өзін-өзі басқару күні өтті.  Өзін-өзі басқару ұйымынан құрылған жауапты топ 1-7 сыныптар мен ұстаздарға сабақ берді.
  4. Өзін-өзі басқару ұйымы«Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік концерт қойды.
  5. Қазанның 3-і күні 1-9 сынып жетекшілері «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
  6. Қазанның 4-і күні мектеп оқушыларының жиынын өткізіп, марапаттады.

Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы түгел қамтылды.

Қорытынды: Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.  

Оқушылар өз міндеттерін жақсы атқарып шықты. Мұғалімдердің орнына сабақтар берді. Оқушылар мұғалім ретінде өздерін сезіне алды. Оқушылар басқару күніндегі алған әсерлері өте керемет, сондай-ақ келесі оқу жылында да бұл іс шара жалғасын табуын сұрайды.

 

         Директордың ТІЖ орынбасары:                  Мұса Е.

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст