"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ 2022-2023 оқу жылы

27.12.2022

«Құмай ауылының негізгі орта  мектебі» КММ

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

2022-2023 оқу жылы

 Мақсаты: Балаларға қатыгездік мен немқұрайлық мәселесіне қоғамдық назар аудару; қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру; балаларды зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.

2022 жылғы қарашаның 7-20 аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, келесі жұмыстар атқарылды.

Қарашаның 07-11 күндері кітапханашы Баетова Н.Қ. «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға»  атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға ақпараттық мәліметтер беріп, көрмеге қойылған кітаптармен таныстынды.

 1-9 сынып жетекшілері «Бала құқығы – адам құқығы» тәрбие сағаттарын өткізді.

Қарашаның 10-ы күні Психолог Сулейменова Р.А. 7-9 сынып оқушыларымен «Мен және менің құқығым» дөңгелек үстел өткізді.

Қарашаның 10-ы күні Тәлімгер Сарсенғалиева Ж.А. 1-9 сынып оқушыларымен  «Біз ,бәріміз біргеміз»  атты флэш-моб өткізді.

Директордың ТІЖО Мұса Е.  3-9 сынып оқушылары арасын «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама жүргізді.

 

Қорытынды: «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын аясында өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып  жақсы деген баға берілді. Оқушылар өз құқықтары туралы ауқымды ақпараттар алды. Сауалнама нәтижесі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар анықталған жоқ.

 

Директордың ТІЖ орынбасары:                  Мұса Е.

 

Просмотров: 3284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст