"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылындағы кітапхананың «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша I жартыжылдық есебі.

25.01.2024

2023-2024 оқу жылындағы кітапхананың «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша I жартыжылдық есебі.

   «Оқуға құштар» жобасы бойынша біршама жұмыс атқарылды. Жоспарға сәйкес 2023-2024 оқу жылының атаулы күндерін атап өту бойынша іс шара өткізілді. Халқымыздың ұлы ұстазы, ойшылы Ахмед Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай; жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80жыл толуына орай; қазақ детективінің атасы атасы- Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты шағын түсіндірмелі іс-шара өткізді. Іс шара көрме ретінде өтті. Мектептің екі ауысымда және екі буында оқитын оқушыларымен үш мәрте кездесу арқылы кітапханашы біраз мағлұмат берді. Қазақ әдебиет майталмандарының өмірі, шығармашылығ жайлы айтылып өтілді. Ол кісілердің ерен еңбегі еш уақытта жойылмайтыны жайлы, осындай жас ұрпақтардың біліп өсуі арқылы, ұрпақтан ұрпаққа жалғас табатынын баса айта өтті. Іс шара өз мәресіне жетті. Оқушылар барынша тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя білді. Бірталай мәлімет алынды.

«Оқуға құштар» жобасы бойынша жыл сайынғы өтетін  «Әдебиет қаһармандар шеруі» атты сайыстың аудандық кезеңіне  8 сынып оқушысы Серікова Жанайды дайындап, жүлделі үшінші орынға ие болдық. Оқушымыз Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі Ләйлә қыздың рөлін содады. Бір жарым екі минуттық видеода Жанай кейіпкерді толықтай ашып, өз қабілетін көрсете білді. Соған тиісті ауданнан мадақтама алды.

Желтоқсан айының 29-5 қаңтар аралығында «Сиқырлы себет» атты демалыстық іс шара іске қосылды. Мақсаты: қысқы демалыста оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттыру болды. Іс шара өз деңгейінде жақсы өтті. Әр оқырмандарын аралаған «Сиқырлы себет» балаларға өздеріне қажет кітаптар мен кітапшаларды таратты. Оқушылар алдын ала ескерту бойынша өз үйлерін жаңа жыл мерекесіне орай безендіріп, өз кітап оқу бұрыштарын ойластыру керек болатын. Оқыған кітаптары бойынша суреттер салып, өз қиялдарын іске асыру керек болатын. Міндет толықтай орындалды. «Сиқырлы себет» өз мүддеген мақсатына жетті деп айтсақ болады.

Кітапханашы: Баетова Н.Қ.

 

Просмотров: 7939


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст