"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ ойшылдарының туғанына мерейлі жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар туралы анықтама

05.02.2024

Қазақ  ойшылдарының туғанына  мерейлі

жыл толуына орай  өткізілген іс-шаралар туралы

Анықтама

  Бүгін ақпанның 2-сі күні кітапханашы Баетова Н.Қ. мектебіміздің 5-9сынып аралығында биылғы оқу жылының жоспарға сай қазақ ойшылдарымыздың туған күніне белгілі жыл толуына орай іс-шара өткізді. Іс шара жаңа әдіс тәсіл қолдану бойынша өтті. Балалар бірінші «Әріптер сөйлейді» ойынын ойнады. Ойынның мақсаты оқушыларды тез, әрі жылдам ойлауға, сөздік қорын көбейтулеріне баулу. Әрі қызықты, әрі танымдық ойын болғандықтан оқушылар белсене қатысты.  Одан әрі балалар бірнеше топқа топтастырылып, қолдарына алдын ала дайындалған тапсырмалар үлестірілді. Тапсырмада берілген суретке қарап, қазақ ойшылының кім екенін тауып, оған сәйкес мәліметтер жиыстыру керек болатын. Балалар өз білген ақпараттарын жазды. Білмеген жерлерінде гаджетке жүгінді. Топпен жұмыс жасау арқылы бірлестікте, ұйымшылдықта болды. Соңында әр топ өз ақын жазушысының кім екенін атап, жиған мәліметімен бөлісті. Сөйтіп, балалар өз беттерімен ақпарат алып, жинаудың жаңа тәсілін үйренді. Қазақ ақын жазушылары жайлы мәлеметтер жиды.

 

Кітапханашы:          Баетова Н.Қ.

 

 

 

Просмотров: 2149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст