Мектебіміздің жарық жұлдызы
Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білі нәрімен сусындатып ,тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік ,рухани бағытта бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу,оны биікке жетелеу,қанаттандыру,жаны мен тәнін ,болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.Сондай ұстазымыз -мектебіміздің жарық жұлдызы!
Мұстафин Еркебұлан Танатович 1986 жылы 25 қыркүйекте Торғай облысы . Жангелді ауданы. Шеген ауылдында дүниеге келген. 1994 жылы Шеген ауылындағы Амангелді орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып 2004 жылы 11-сыныпты бітірді. 2004 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына денешынықтыру және спорт мамандығына оқуға түседі. Еңбек жолын 2009 жылы Ақмола облысы. Жақсы ауданы. Қима ауылы «Ғабойдолла атындағы орта мектебі» КММ -де денешынықтыру пәні мұғалімі болып істейді. 2012 жылы Ақмола облысы. Есіл ауданы . Құмай ауылы. « Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ –де денешынықтыру пәні мұғалімі болып жұмысқа кіреді. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы қызметін қоса атқарып келеді.
Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп,мектепішілік,аудандық,облыстық сайыстарға оқушыларын қатыстырып мектептің, ауданның абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз мұғалім. Мектепте «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат» , «Бес асық» үйірмелерінде өзінің жан-жақты ұстаз екенін көрсете білді. Оқушыларды облыстық кезеңге дейін апарып бірнеше жүлделі орындар мен марапаттардың иесі.
Облыстан қазақ күресі 3-ші орын Байгенжин Нұрбол. Облыстық қазақ күресі 2-ші орын Қазақстан республикасының чемпионатын қатысушысы Таңат Жантөре.
Облыстық «Бес асықтан» 3-ші орын қыздар командасы.
Аудандық шахматтан 2-ші орын командалық ойындарда жүлделі орындар иеленіп шәкірттерін бәйгеге қосып оза шауып жүрген білікті ұстаз.
Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен ,салауатты өмір салтын ұстангуға деген құлшынысымен ерекшеленетін ұстаздардың бірі. Бірнеше дүркін мадақтама ,диплом ,алғыс хаттармен марапатталған. Аудандық құрмет грамотасының иегері.
Еркебұлан Таңатұлы Құмай орталау мектебінде жұмыс жасағанына биыл 12 жыл болды. Ұжымның ортасында беделді ,адамгершілігі мол,мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Сонымен қатар жанұяда көпбалалы отбасы. Жолдасы Толғанай «Күміс алқа» иегері. Үйде үлгілі бала тәрбиелеп отырған, тату-тәтті отбасылардың көшін бастап келеді. Әр отбасы –өзінше бір мемлекет . Көп балалы отбасы атанған Еркебұлан Кәрімұлына кәсіподақтан кішкене сый- құрмет көрсетілді.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес,шәкірті. Білім нәрімен сусындатып,үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі-аяулы шәкірттері.
Заман талабына сай қоғамға лайықты білім ді де,білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол. Болашақта да мектептің ауданның ,облыстық жарыстарда шәкірттері жоғары белестерді бағындырып республикалық спорт шеберлерін шығаратынына сенімім мол. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтпақшы,әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса,оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтайық.
Авторы .Құмай ауылының
негізгі орта мектебінің
мұғалімі :Алмаганбетова
Гулжан Турымтаевна