Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі
Мақсаты: 1. Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың білімге деген құштарлығын ояту.
2. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі. Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларың керек.
ІІ Білім керек бәріне
Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы.
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.
3. Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері
Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты - мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:. 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15 - 20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ - киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
1. 2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алкогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.
Тексерілді:
1. 3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата - анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
1. 4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).
1. 5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар - үлкендерге, жоғары сынып оқушылары - кішілерге, ұл балалар - қыз балаларға жол береді
1. 6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;
1. 7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс; оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.
1. 8. Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген киімнің іскерлік стилін ұстанады:
- Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк түсті мектеп формасы (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка), күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін );
- Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа - далап пайдалануға болмайды.
- Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру;
- Шашты ашық түстерді бояуға болмайды, ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады;
- Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек,
2. Сабақ кезіндегі тәртіп:
2. 1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;
2. 2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек. Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта соңында ата аналары күнделікте қол қояды.
2. 3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
3. Сабақ басталғанға дейін, үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.
3. 1. Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, қоңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді; сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
3. 2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:
Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну; педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).
3. 3. Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды; әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге; мектеп немесе мектеп территориясында алкогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.
3. 4. Сынып бойынша кезекші: Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.
3. 5. Оқушылар асханада болған кезде: Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сұйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады; тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.
4. Қорытынды: 1. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
2. Оқушылар мектепішілік іс - шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;
3. Сабақ біткеннен кейін немесе мектеп қызметкерлерінің рұқсатысыз мектеп ғимараттарда болуға;
4 Оқушылар арасында және барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтуға;
5. Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салынады.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қарты бар үйдің - қазынасы бар»
Мақсаты:Оқушыларды адамгаршілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету сабағымның басты ұстанымы.
Көрнекілігі: Слайдтарды, «Анажүрегі» бейнеклипін, дисклер, көрініске қажетті құралдарды пайдалану.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Кіріспе бөлім: Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тиым қояды. Бұның бәрі тәрбие.
Ән: «Қариялар азайып бара жатыр»
Халқымызда «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:
Бала деген бал екен,
Бала дегенің бал екен.
Немеренің бойында,
Бар тәттілік бар екен.
Туған балаң жәй ғана,
Демесең де жат, бөтен.
Нағыз балаң ойласаң,
Немере екен, тәтті екен
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз – дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты
Сол сөздерді ұқпасақ,
Тістерсің бір күн бармақты, -
дегендей, қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.
Көне тәмсілдегі « Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
Көрініс. Әке – Бала –
1-жүргізуші: Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «балам анау не?» деп сұрапты.
- «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
Мұғалім: ( оқушылардан осы көріністен қандай ой түйгендері сұрайды)
1-жүргізуші:Міне, балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.
Бұл туралы көркемсөз оқиды:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кеміп бара жатыр қартайып
Отбасында, бала-шаға қасында,
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,
Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.
Жас баладай жаутаңдаған жанарға,
Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай
Ниеті ақ, пейілі кең даладай.
Кімге болса қарттық жетер аяңдап,
Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап.
ІҮ. Қорытынды Мұғалім:
Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.
Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,
мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер. Қарттардың алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.