«Тіл мерейі,ел мерейі» тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Тіл мерейі,ел мерейі»

 

Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген,тіліне деген махаббатын арттыру.

 

Көрнекілігі : «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам

санатына қосылмайды» М.Әуезов.

1-Жүргізуші

Қайырлы күн ұстаздар мен қонақтар. Сіздерге арнап «Ана тілім -ардағым» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер

2 жүргізуші.

Құрметті ұстаздар ,оқушылар !

Қазақстан Республикасының  Констетуциясында «Мемлекттік тіл- қазақстан халықтарын біріктіретін тіл»деп жариялаған. Тіл мерекесіне орай бүгінгі «Ана тілім ардағым»атты кешімізге қош келіпсіздер.

1 жүргізуші.

Тіл –ұлттық белгі,халықтық мұра,дүниетаным құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.

Тіл халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін-келбеті,болмысы.Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай,беделді тіл.

2жүргізуші

Өткірдің жүзі,кестенің бізі,өрнегін сендей сала алмас,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап,тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.

1оқушы

Күш кеміді ,айбынды ту құлады,

Кеше батыр-бүгін қоқақ бұғады.

Ерлікке ұмтылған ұшқыр және кісенде,

Қан суынған,жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті,күркіреген ел тынды

Асқар алтай алтын ана есте жоқ

Батыр хандар-асқан жандар ұмтылды.

Ерлік елдік,қайрат,бақ ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп

Нұлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың

2 оқушы

Ана тілі –біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап,бағып қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безінген ұл деп қараңыз

3 оқушы

Ана тілі бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы.

Алақаны мейірімді ананың

Ұстазыңның жарқын жүзі жайдары

Ана тілім-тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімді жақсы көру арқылы,

Достасамын басқа барлық халықпен

1 жүргізуші

Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды,оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғайовтың айтқанындай , «Ана тілін сүимеген адам ,халқын сүйіпте жарытпайды

2 жүргізуші

Қалқам .Мен Лермонтов ,Пушкин де емеспін,

Есенинмін демедім ешкімге мен

Қазақтың қара өлеңі құдіретім

Онда сұмдық  сыр бар естілмеген

Жат жерде жатқанымда жазатайым

Қанымен жазды мүмкін ағатайым

Қасиетіңнен қара өлең айналайын

Қазақтың дәл өзіндей  қарапайым,-дей отырып,алдарыңызда

Ән хормен: «                                            »

1 жүргізуші

Қазақстан Республикасы  Тіл туралы  алғашқы заңы  1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде.

2 жүргізуші

Қазақ тілі түркі тектес тілдерге жатады. Соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.

4 оқушы

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың  ыстық қаным бар

Туған тілде қаным менен сәнім бар

Туған тілім –жүрек үнім наныңдар.

Нанбасаңдар,жүрегімді суырып-ақ алыңдар

5 оқушы

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда –ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс  үнім

Сол тіліммен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тіліммен әдепті мен жаттадым

Ең бірінші сол тіліммен сыртқа шықты

Сүйгенім,жек көргенім ұнатқаным.

6 оқушы

Қымбат маған ана тілім,бал тілім

Қымбат маған дана тілім,ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілі-ардақ тұтар алтыным

Ана тілін-жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен ыбырай мен абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес міңгі алаулаған арай бар.

1 жүргізуші

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетеренді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа,өлең керек,-дей отырып,алдарыңызда

Би    «                                      »

7 оқушы

Сен болмасаң ,о туған тіл құным не?

Мен жетпейтін маржан жатыр түбінде

Аспан ,жүлдыз,жетім айда телміріп

Тіл қатады маған ана тілінде

Жігіт бірде кедейленер,байыда

Ақ атымды,қанатымды қайырма.

Айырылсамда талай бір,

О,тағдырым,тек тілімнен айырма

1 жүргізуші

Домбырам,жүрегіммен үндес едің

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім

2 жүргізуші

Өнерге әркімнің ақ бар таласы

Сондада солардың бар таңдамасы

Іші алтын,сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы

Демекші

Ән «                            »

Оқушылар шығарған газеттерін қорғайды.

1 жүргізуші

Тілім менің,

Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.

Адалымен ,арыммен қатар қойып,

Тілді қоғау парызым бүгін менің

2 жүргізуші

Әкең қазақ,шешең қазақ қарағым

Сенде ұлысың мынау дархан даланың

Әр халықта ұлттық намыс деген бар

Оны биік қасиет деп санаған

1-2 жүргізуші

Отан ана,ана тілің үш анық

Осыларсыз болашақта күнің жоқ

Қорытынды 

Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын  кешегі ,бүгінгі ғана емес,ертеңгіде  тағдыры»