"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылының І- тоқсан бойынша оқу жұмысының іске асырылуы бойынша есебі

07.11.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының

Есіл ауданы бойынша Құмай ауылының

негізгі орта мектебі» КММ

 

2024-2025 оқу жылының І- тоқсан бойынша

 оқу ісінің орынбасары Малигова Мейрамгулдің есебі

 

Тамыз айы :

1. Сынып кабинеттерінің жағдай бақыланды.

2. Оқу жүктемелері бөлініп, тарифтеу жасалды. Үйірме, факультативтерге жетекшілер бөлінді. Сынып оқушылар саны, келгені,  кеткені туралы есептер жүргізілді.

3. Сабақ кестесі талапқа сай жасалды.

4. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаулары стандарт бойынша сәйкес келетіндігі тексерілді.

 

Қыркүйек айы :

1. Информатика, дене шынықтыру, көркем еңбек т.б пәндерде қауіпсіздік ережесі болуы керектігі ескертілді, тексерілді.

2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаулары тексеріліп, бекітілді.

3. МОДО бойынша жоспар құрылуы керектігі және  оның іске асырылуы туралы ұстаздарға түсіндірілді. Кейбір мұғалімдер әлі бастамаған.

4. Оқушылардың жеке іс қағаздары тексерілді. Кемшіліктер ескертілді.

5. Күнделікті электронды журнал тексеріліп, түсіндіру мен ескерту жұмыстары жүргізіледі.

6. Бастауыш сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді. Сынып жетекшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келесі айға дейін атқарылуы керек жұмыстары ескертілді.

 

Қазан айы:

1. 30.09-04.10.2024 аралығында «Матемематика, информатика, физика» пәндері бойынша апталықтар өтті. Апталықтың жоспары құрылған, бекітілген. Жоспарға сәйкес, апталықтың ашылуы жақсы деңгейде өтті. Оқушылар тақпақтар мәнерлеп оқып, ән шырқап және сұрақтарға жауап берді. Апталықтың жоспарымен балаларды таныстыстыры, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жауапты: математика және физика пән мұғалімдері Жетпісбай А.Қ және Амантай Қ.Қ жақсы деңгейде өткізді.

2. Математика пәнінен 5 сыныпта  «Дәреже» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті, оқушылардың қызығушылығы артып, сабаққа белсенді қатысты.

3. 01.10/2024 күні 5-9 сыныптар арасында «Кім жылдам?» тақырыбында интеллектуалды ойын сабағы өткізілді. Өткізген Жетпісбай А.Қ. Жас маманға ойын сабақтарға мұғалімдерді шақыру керектігі жайлы айтылды.

4. 02.10.2024 күні бастауыш сынып арасында «Жас математик» атты жарыс сабақ өтті. Сабақ жас ерекшелігіне сай құрылған. Оқушыларға ұнады. Сабақ соңында оқушылар марапатталып, шағын сыйлықтар таратылды. Өткізген

бастауыш сыныптың сынып жетекшілері

5. 3 сыныпта «6 санына көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа мұғалімнің дайындығы жақсы екені, сабақ үлестірме материалдарға бай және сабаққа сай әдіс-тәсілдер қолданылан. Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысты. Өткізген: 3 сыныптың сынып жетекшісі Аюбекова Т.Т.

6. 4 сыныпта «Пысықтау және қорытындылау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

7. 5 сыныпта информатика пәнінен «Екілік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ қызықты, әрі жоспарға сай өткізілді. Балалар барлық тапсырманы жақсы орындай алды.

8. Апталықтың жабылуы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты жарыс өткізілді. Сабақ соңында апта бойы белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаздар марапатталы, шағын сыйлықтар таратылды. Ұйымдастырушылар Амантай Қ.Қ және Жетпісбай А.Қ.

 

9. 08.10.2024 күні ауданда «Ақ берен» байқауы өтті. Мектебімізден 9 сынып оқушысы Панфиленко Карина қатысты. Аудандық байқаудан ІІ жүлделі орын алды. Оқушыны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алмаганбетова Г.Т. дайындады.

10. Әр тоқсан сайын пәндер бойынша жазба жұмыстары мен оқу техникасын алып, пән мұғалімдері мониторинг жасап отыратын болады.

І тоқсан бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы

 

3 сыныпта -5 оқушы. Жақсыға шыққан оқушылар саны- 3.  2 оқушы- қанағаттанарлық.  Бір 4-і бар оқушы Таңат Қайсар. Бір үші бар оқушы Байгенжин Сырым

.Сыныптың үлгерімі-100 пайыз, білім сапасы-60 пайыз.

Пәндер бойынша 80 пайыз.

 

4 сыныпта-5 оқушы.

Үздік оқушы Сәмкен Абай., жақсыға шыққан оқушылар саны-3. 1оқушы қанағаттанарлық.

 Жалпы үлгерімі100 пайыз, білім сапасы 80 пайыз.

 

5 сыныпта-5 оқушы штаттық режимде, 1  ҮО бойынша оқиды. Жалпын саны-6. үздіктер саны-3, қалған 2 оқушыда бір сабақтан үші бар.

Жалпы сыныптың үлгерімі-100 пайыз, сынып бойынша

білім сапасы-60 пайыз.

Пәндер бойынша -80 пайыз.

 

6 сыныпта-5 оқушы. Үздік оқушы-1. Жақсыға шыққан оқуылар саны- 2. қанағаттанарлық-2 оқушы. Бір төрті, бір үші бар оқушылар бар.

Үлгерімі -100 пайыз, білім сапасы-60 пайыз.

Оқушылар математика пәнінен 60 пайыз білім деңгейін көрсеткен.

 

7 сыныпта-4 оқушы. Үздіктер саны-1, жақсыға шыққандар саны-2. 1 оқушы қанағаттанарлық.

Үлгерімі -100 пайыз, білім сапасы -75 пайыз.

 

8 сыныпта-3 оқушы. Жақсы шыққандар саны-2, 1-қанағаттанарлық оқушы бар. Бір сабақтан 3-і бар оқушы бар.

Үлгерімі -100 пайыз, білім сапасы -67 пайыз.

 

9 сыныпта-5 оқушы. Үздіктер саны-1, жақсыға шыққандар саны-2, 2 оқушы қанағаттанарлық. Бір үші бар оқушы бар. Байгенжин Алижан.

Жалпы сыныптың үлгерімі -100 пайыз, білім сапасы- 60 пайыз.

Орыс тілі пәнінен 60 пайыз білім сапасын көрсеткен.

 

Қорытынды:

Жалпы мектеп бойынша 3-9 арасында 33 оқушы бар,  үздіктер саны- 7 оқушы, жақсыға оқитындар саны-13 оқушы.. 12 оқушы қанағаттанарлық оқушылар қатарында, 1 оқушы үйде оқытылады, баға қойылмайды.

Жалпы мектеп бойынша үлгерімі: 100 пайыз,  сапасы: 66 пайыз

 

Просмотров: 1191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст